САХАБА ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛІ: ӘСМА (Р. АНҺА)
САХАБА ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӨКІЛІ: ӘСМА (Р. АНҺА)
27.08.2021 11:22
672
0

Алла Тағала былай айтады: «Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер, бір-біріне көмекші. Олар дұрыстыққа шақырып, бұрыстықтан тосады. Сондай-ақ олар намаздарын толық орындап, зекет беріп, Аллаға, Пайғамбарына мойынсұнады. Міне, соларды Алла рахметіне бөлейді. Расында Алла тым үстем, аса дана». (Тәубе сүресі, 71-аят)

Әсма бинти Язид Әшһалия (р.анһа),  Пайғамбарымызға (с.а.у.) серт берген ансарлық сахаба әйелдерден. Әйелдер арасында туындайтын сұрақтарын Пайғамбарымызға (с.а.у.) жеткізіп отырғандықтан; «Хатибат ун-Ниса» (Әйелдер өкілі) деген атпен атақты болған. Көптеген хадис риуаят еткен.

Пайғамбарымызбен (с.а.у.) «Хайбар» және басқа да шайқастарға қатысқан. «Ярмук» шайқасында шатырдың тірегімен тоғыз Римдік әскерін өлтіргендігі айтылады. Хижри 30 жылы Шам қаласында қайтыс болған. 

Пайғамбарымызға (с.а.у.) берген серті жайлы былай айтып берген еді; «Мен, Пайғамбарымызға (с.а.у.) серт берген әйелдердің бірімін. Ол кезде батыл жас қыз едім. Пайғамбарымызға (с.а.у.); «Уа, Расулаллаһ! Қолыңызды беріңіз, сізге серт беремін» - дедім. Пайғамбарымыз (с.а.у.); «Мен әйелдермен қол алыспаймын. Бірақ, Алла Тағаланың үкімдерін орындау туралы олардың сертін аламын» - деді. 

 «Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.у) ақшам намазын біздің көшенің мешітінде оқып жатқанын көрдім. Дереу үйге барып, сүйекті ет пен нан дайындап, намаздан соң Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алдына алып келіп; «Әке-шешем саған пида болсын! Уа, Расулаллаһ, дәм татыңыз!» - деп ілтипат еттім. 

Пайғамбарымыз (с.а.у) қасындағы сахабаларға: «Бисмиллә» айтып жеңдер» - деді. Пайғамбарымыз (с.а.у) мен қасындағы сахабалар ет пен наннан жеді. Барлығы қырық кісі еді. Нәпсім құдіретінде болған Аллаға ант етейін! Мен кейбір сүйектердің етінен ажырамағанын және нанның еш азаймағанын көрдім. Содан кейін Пайғамбарымыз (с.а.у.) жанымдағы ыдыстан су ішті.   

Мен ол ыдысты алып сақтап қойдым. Біз ол ыдыстан науқастарға шипа табуы үшін су ішкізетін едік. Кейде теберік ниетімен өзіміз де ішетін едік»

 

 

 

0 пікір