Саған жетпейтін нәрселерді ойлай бергенше...
Саған жетпейтін нәрселерді ойлай бергенше...
18.06.2019 13:08
389
0

Сіз бақыттысыз. Жоқ дейсіз бе? Онда дәлелдеп берейін ...

Таң атты... Төсектен тұрып далаға шықтыңыз. Күн шығып, таңғы таза ауаны жұтып, ауырсынып тұрған денеңізді ары-бері созып бір сергіп алдыңыз. (Бәлкім жаттығуда жасайтын шығарсыз.) Артынан жуынып, дастархан басына отырдыңыз. Дәмді ас. Ыстық кофе не шәй. Таңғы асыңызды үйлегілермен бір дастархан басында отырып іштіңіз. Кейін киімдеріңізді ауыстырып жұмысқа (кез келген өз шаруаңыз) кеттіңіз. Жаяулатып көше бойымен ойлаған жеріңізге жеттіңіз. Өз шаруаңызды кешке дейін аяқтап, шаршаңқы күймен үйіңізге жеттіңіз. Жолда келе жатқанда жаңбыр жауып кетті. Асығыс үйге жүгіріп жеттіңіз. Үйге кірдіңіз. Үстіңіздің бәрі су болып кеткен. (Сіз сондада бақыттсыз)  Жылы киімдеріңізді киіп, тоңазыған денеңізді ыстық шәй ішіп жылыттыңызда, әдеттегі уақытыңызда тәтті ұйқыға кеттіңіз.

Әрине бұл дәлелім аздық етеді. Сіз осы жазбамды оқып отқан бақытты жансыз.

Ал енді елестет!  Таң атты. Орныңнан тұру былай тұрсын қозғала алмайсың. Көмекке біреуді шақырдың. Олар естіген жағдайда ғана көмекке келмек. Әйтеуір біреулің көмегімен әупірімдеп жүріп далаға шықтың бірақ күнді көрмедің. Көзіңнің көрмейтінін біліп, таңның салқын ауасын денеңнің тоңазығанынан сездің. Жуынып, дастархан басына отырдың. Өз қолыңмен қасық ұстауға дәрменің жоқ. Анаң не бауырың, болмаса әкеңнің көмегімен тамақтандың. Киіміңді ауыстыру керек болғанда да қатты қиналдың. Денеңнің икемге келмейтіні тағы бар. Жұмысыңа барып өзіңді алдаусыратып келдің. Үйге қайтар уақытта, үйіңе жете алмай қиналдың. Әдеттегі уақытта біреу сені төсегіңе әкеп жатқызды.

Осылай өмір сүріп жатқан адамдарда бар.

 Бірақ олар сонда да бақытты! Құдайдың өмір бергеніне шүкірлік етіп, өмір сүруін жалғастыра бермек.  Өзіңді сол адамдардың орнына қойып көрші. Әрине " Құдай сақтасын" деуің анық. 

Сенің "Жігітім тастап кетті. Анамнан көңілім қалды. Досым сатып кетті. Өтірік жақсы көреді. Ұмыта алмаймын. Беттегі безеуді қалай кетірем. Толықпын, арықпын" т.б. заттарың бұның жанында жәй болмашы зат болып қалмақ. Біздің бір кемшілігіміз, тек өзімізден жоғарыларға қарайтындығымыз. Өзіміздің бақытсыз сезінуіміздің басты себебі осы.

Сөзімнің соңын, Әділ ағаның статусымен аяқтасам: " Саған жетпейтін нәрселерді ойлай бергенше, өзіңде барлардың қадірін біл."

 

0 пікір