ҚАЛЫНМАЛ
ҚАЛЫНМАЛ
13.10.2020 11:14
287
0

Атам қазақтың  ежелден келе жатқан дәстүрінің бірі – ҚАЛЫҢМАЛ. Бір қарағанда ескіліктің сарқыншағы  іспетті көрінгенімен бұл кәденің де берері мол екені даусыз. Мәселе, біздің таным түсінігімізге байланысты болса керек. Егер қалыңмалды қызын сатып, малға айырбастаудың жолы дейтін болсақ, онда ежелден келе жатқан ата дәстүрімізден бас тартуымызға тура келеді. Неге десеңіз, қыз баланы малға сату дәл мынандай өркениетке қанат жайған заманда оның құқығын таптау немесе қараңғылық болар  еді.

Жалпы ҚАЛЫҢМАЛ – қалыңдықтың жасауына, сәукелесіне той, малына кәделі алыс-берістеріне қаражат көлеміне сай төленетін төлем. Қалыңдықтың анасына көрсетілген сый-сияпат, құрмет. Қалыңмал көлеміне сай қыз анасы мен әкесі де жасауын жабдықтайды. Қалыңмал төлеу дәстүрі көнеден келе жатқан әдеттің бірі. Оны көптеген эпостық шығармалардан, дастандардан, аңыз-ертегілердін көруге болады. Яғни қазақия ұлысында бұрыннан келе жатқан әдеп. Тіпті бағзы уақыттарды қазақтың он екіде бір гүлі ашылмаған  қаракөз қыздары бай-манаптарға малға сатылып кете барған. Бұл енді нәпсіқұмарлықтың жемісі. Әсіресе, кейде-кепшіктің қыздарын қарны жуан қарынбайлар берсе қолынан, бемесе жолынан алғаны тарихтан жақсы білеміз. XX ғасырдың басында жазылған шығармалар негізінде әйел теңсіздігіне құрылған. Заман талабы ма, әлде қу дүние көзіне құрт түскеннен кейін бе «қызым ер жетіп, оны бай жерге беріп көп мал алсам» сияқты ойлар сол кездегі романдардың өзегіне айналған. «Қалыңмал» романынан үзінді келтірейік:

-  Апа, осы әкем жеңілейіп кетіпті-ау?

- Тәңірі алғырдың сені сатып алған малын көтере алмай жүргені ғой, біздің не ойлап жүргенімізді қайдан білсін!

- Апа, осы әкем мені жақсы көремін деуші еді, онысы бекер екен-ау?

- Сені жақы көргенімен де, бай мен малды сенен артығырақ көргені ғой...

- Апа, осы адам өз баласын кемшілік, қоршылыққа қалайша қияды екен?

- Рас, қалқам қазақтың қызды «жат жұрттыққа жаралған бала» дейтіні бар ғой. Кім болса, соған, тек берсе бере салады, сондықтан ғой қыз байғұстың: «Бар ма екен ата-анадан бауыры қатты, баласын әлпештеген малға сатты...» деп өлең айтып жылайтыны. Этнограф  ғалым жазушы, Сейіт Кенжеахметовтың «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» атты кітабында қалыңмал ұғымына мынандай анықтама берілген: «Бұрын әке-шешелер қыз, жігіттің  ықтиярынсыз құда түсіп, қыз беретін адам алушыдан қалыңмал алады. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне байланысты, екі жақ келісе отырып шешеді. Бұрыңғы кедейлер арасындағы қалыңмал мөлшері 5-6 тайынша ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың жылқыға дейін жеткен».

Қазір заман басқа. Қалың малға жүздеп мыңдап мал алмаса да, ана сүті, үкісі, босағаға байлар деген сияқты ғұрыптарымыз бір жылқының төңірегінде реттеліп жатады. Көп жерде «Теңін тапса, тегін бер»,  деп қызының бақытты болуын ғана тілеп, барға ырза, жоққа сабыр қылатындар да бар. Естуімізше кейбір өңірлерді қызының қалыңмалын бітірген жоғары оқу орының салмағына байланысты талап ететіндер де, кездеседі екен. Бұл енді баяғы дәстүр қанына қатты сіңіп кеткендерден  болуы керек. Біздің айтпағымыз қалыңмал берсе де, бермесе де көңіл төрінде «Мың жылдық құдалыққа» салынған жолды берік ұстап, дәстүрімізді де шектен шықпай, ақылға  қонымды әдеппен жалғыстырса деген ой ғана. Себебі, берген қалыңмал қызының жасауына кететінін ескерсек, дәстүрімізді пайдалы жағынан дәріптегеніміз дұрыс-ақ.

 

Ж.Оспанұлы

0 пікір