ҚАЙҒЫҒА БАТТЫҢЫЗ БА? ОНДА БІЛІҢІЗ...
ҚАЙҒЫҒА БАТТЫҢЫЗ БА? ОНДА БІЛІҢІЗ...
20.05.2022 10:56
544
0

Уақытша қиындықтан жаны жабығып, күйзеліске түскен адам әр қиындықтан кейін екі бірдей жеңілдік, екі бірдей қуаныш болатынын ешқашан есінен шығармауы керек. Қасиетті Құранның «Шарх» сүресінде:

«Негізінде, қиыншылықпен бірге жеңілдік бар. Шын мәнінде қиыншылықпен бірге жеңілдік бар», - делінген. («Шарх» сүресі, 5,6-аяттар)

Араб тілінің грамматикасына сәйкес, алғашқы аяттағы «жеңілдік» сөзінің соңғы аяттағы «жеңілдік» сөзінен айтарлықтай айырмашылығы бар. Алла Тағала соңғы аяттағы сөзге ерекше екпін беріп, қуаныш пен бақыттың тым жақында екенін меңзеген. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Ибн Аббас (р.а) атты сахабасына:

 «Жеңіс тек сабыр арқылы, ал жеңілдік пен шаттық тек қиындықтан өту арқылы келеді, соны ұмытпа», - деген екен!

 

0 пікір