Қай кезден бері қазақ шаңырағы әйелдің атымен аталып еді?..
Қай кезден бері қазақ шаңырағы әйелдің атымен аталып еді?..
11.06.2019 12:16
521
0

-Кездейсоқтық ба, басқа ма, бүгінгі көңіл күйімді түсірген екі қоңыраудыңжайын айтайын. Ертеңгілікте бір қыз звондады.

-Сәлеметсіз бе! Бұл Зейнеп Ахметованың үйі ме? - деп тықылдады.

-Жоқ. Бұл - Бақытжан Момышұлының үйі, - дедім де тұтқаны қойдым. Араға екі сағат салып бір жігіт звондады. Ол да:

-Бұл Зейнеп Ахметованың үйі ме? - деп сұрады.

Оған да: "Жоқ, бұл Бақытжан Момышұлының үйі, - деп жауап бердім де, іле-шала:

- Қарағым, сен қазақтың баласысың. Қай кезден бері қазақ шаңырағы әйелдің атымен аталып еді?" - дедім де тұтқаны қойып қойдым. Ойлансын дедім.

Ата мен Бақытжан ағаң өмірден өтті екен деп бұл шаңырақ Зейнеп Ахметованікі аталуы керек пе? Үш Момышұлы тұрады, немерелері, Аллаға шүкір, өсіп жатыр ғой. Осындай нәрсеге мән бермейміз. Сөйте тұра рухани жаңғыруды айтамыз тағы... Осылай мінез көрсеттім бүгін. Сен мені білесің ғой, орынсыз мінез көрсетпеймін. Бірақ мұндайға төзбеймін де... Апамның осындайын байқағанда: "Міне, настоящая Ахметова", - деп қалжыңдайтын едім. Бүгін де сөйтіп айттым..)))) 

Апамның бұнысы маған таң емес. "Бақытжан ағамның үйіне барам", "Ержан ағамның үйіндемін", - деп айту мен үшін үйреншікті. "Апаға барам", "апаның қасында боламын" дегенді айтам бірақ... Ал апамның реніші орынды.

Айгүл Болатханқызы

 

0 пікір