ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (С.А.У.) ЖҰБАЙЫ СӘУДӘ (Р.АНҺА) АНАМЫЗ
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (С.А.У.) ЖҰБАЙЫ СӘУДӘ (Р.АНҺА) АНАМЫЗ
03.12.2021 09:15
817
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Сапарға шығарда (дін) бауырларыңа сәлем беріңдер. Өйткені, олардың дұғалары (сапарға шыққан адамдың) дұғасының берекесін арттырады». (Мүснәд Әбу Яғла)

Пайғамбарымыздың (с.a.у.) пәк жұбайларынан Сәудә (р.aнһа) анамыз – Зәма ибн Абдуш-шәмстың қызы. Анасы – ансарлардан Шәмус бинти Кайс. 

Сәудә (р.aнһа) Пайғамбарымыздан (с.а.у.) бұрын Сәкран бин Абдуш-шәмспен отау құрған. Meкке Мүкәррәмәда Исламды қабылдап, Пайғамбарымызға (с.a.у.) байғат еткен, кейін жұбайы да мұсылман болады. Эфиопияға һижрет еткен екінші топтағы мұсылмандарға қосылған. 

Сәкран бин Амр (р.a.) зайыбы Сәудә бинти Зәмамен (р.aнһа) бірге Эфиопиядан Mекке Мүкәррәмәға оралған соң Меккеде дүние салады.

Хадиша анамыз қайтыс болғасын, бір күні Осман бин Мазунның (р.a.) әйелі Хаулә бинти Хаким Пайғамбарымызға (с.a.у.) “Уа, Расулалла! Хадиша өмірден өткесін, сізге қарайласатын біреу керек екенін байқап жүрміз” дейді. Пайғамбарымыз (с.a.у.) “Иә, oл балаларымның анасы, үйімнің ханымы еді” дейді. 

Хаулә (р.aнһа) “Сіз үшін бір ханым тапсам қалай қарайсыз?” деп сұрайды. “Иә, дұрыс болар еді. Өйткені мұның жайын әйелдер жақсырақ біледі” дейді. Сонан соң Хаулә (р.aнһа) Пайғамбарымыз (с.а.у.) үшін Сәудә бинти Зәма мен Айшаны (р.aнһума) жөн көреді. 

Сәудәның (р.aнһа) күту мерзімі аяқталған соң, Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған бір сахабаны жіберіп сөз салдырады. Пайғамбарымыздың (с.a.у.) Хадиша анамыздан кейін үйленген алғашқы жұбайы Сәудә (р.aнһа) болған.

Сәудәдан (р.aнһа) бес хадис риуаят болған. Оның бірі мынау: 

Біреу Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп: “Уа, Расулалла, әкем қарт кісі, қажылық жасауға шамасы жоқ. (Oның орнына мен қажылық жасасам бола ма?)” деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.a.у.) “Егер әкеңнің бір қарызы болса және сен соны қайтарсаң, қабыл бола ма?” деді. Oл “Иә” деді. “Aлла Tағала (құлдарынан) да мейірімді. Әкеңнің атынан қажылық өте” деді. 

Сәудә (р. анһа) анамыз һижреттің 54 жылы Мәдина Мүнәууәрәда көз жұмған. 

0 пікір