Пайғамбар (с.ғ.с.) және отбасы
Пайғамбар (с.ғ.с.) және отбасы
22.07.2015 18:46
13671
0

Ардақты Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) алтын үгіттер 

Бүгінгі біздің қоғам мұсылмандық тәрбиеге ауадай мұқтаж десек, артық айтқандық емес. Себебі бүгін жеке адамның да, отбасылардың да, бүтіндей қоғамның да өмірінде рухани түйткілдер шаш етектен. Күн санап көбейіп келе жатқан ажырасу актілері, ата-анаға құрметсіздік, баланың тәрбиеден жырақ қалуы сияқты түйткілдер қазіргң қоғамда жоқ дей алмаймыз. Сондықтан бүгінгі тақырыбымызды «Мұхаммед Пайғамбар және отбасы құндылықтары» деп алып отырмыз. Неге ардақты Пайғамбарымызды бұл тақырыпқа байланыстырып отырмыз? Себебі жер бетіндегі ең үлгілі, ең бақытты, ең өнегелі отбасын Алланың сүйікті елшісінің (с.ғ.с.) өмірінен көреміз.

Алла Тағала қасиетті Құранда былай дейді:

لَّقَدْكَانَلَكُمْفِيرَسُولِاللَّـهِأُسْوَةٌحَسَنَةٌلِّمَنكَانَيَرْجُواللَّـهَوَالْيَوْمَالْآخِرَوَذَكَرَاللَّـهَكَثِيرًا 

«Расында сендер үшін, Алланы да ақырет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар»

(«Ахзап» сүресі, 21-аят)

Алла елшісіндегі көркем өнегенің үлкен бір парасы, әрине, отбасылық өмірге қатысты. Өмірлік серіктеріне сыйлы жар, перзенттеріне әке, немерелеріне ата болып қана қоймай, бүкіл мұсылман үмбетіне осынау істердің қыр –сырлары мен жауапкершіліктерін үйретіп кетті.  

  1. 1.     ҮЙЛЕНУГЕ, ОТБАСЫН ҚҰРУҒА ШАҚЫРУЫ

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көптеген хадистерінде адамзат баласын адал некемен үйленуге, көбеюге, өсіп-өнуге шақырады. Мысалы, бір хадисінде: «Үйленіңдер, көбейіңдер. Қиямет күнінде өзге қауымдардың алдында сендердің көптіктеріңді мақтаныш етемін» деген. Қарап отырсақ, бұл хадистің астарында өте терең мән бар. Бүгінгі жастар бұл өсиетке көп мән беруі керек. «Бойдақшылықпен жүріп алмаңдар. Жігіттер үйленсін, қыздар тұрмысқа шықсын» деген үндеу емес пе? Біздің ата-бабамыз бұл өсиетті мықты ұстанған. Өздеріңіз білесіздер, он, он екі балалы отбасылар қазақ жұртында өте жиі кездеспейтін бе еді? Ия, солай еді. Махамбет батырдың:

Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде 
Жер қайысқан қол едік, – деген өлеңін мектепте жаттап өстік қой.

Ал бүгін оқу, қызмет, карьера қуу деген сияқты көптеген себептермен жастарымыз үйленуді кешіктіруде. Бұл әрине онша құптарлық нәрсе емес. 

  1. 2.     ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫ  ТАТУЛЫҚҚА ШАҚЫРУЫ

Ал пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде былай дейді: «Мүмин ер мүмин әйелге ренжіп ашуланбасын. Егер оның бір мінезін жақтырмаса, екінші бір мінезін ұнатуы мүмкін». Демек, әйелдің бір мінезі нашар екен деп, оны түбегейлі жек көрмеген жөн. Бұл да бүгінгі таңда өте бір қажет өсиет. Өйткені еркектің әйеліне, әйелдің күйеуіне ренжитін, ашуланатын кездерін аз байқап жүрген жоқпыз. ТІпті кейде ажырасуға дейін барып жатыр. Әйгілі Әнет бабаның керемет бір сөзі бар. Ол былай дейді: «Әйел жеті қазынаның бірі ғана емес, біріншісі болуға тиіс. Дүниедегі барлық тіршілік атаулының анасы - әйел. Сондықтан оған тіл тигізуге де, қол тигізуге де болмайды. Пайғамбарымыздың өзі әйелдерді қатты құрмет тұтқан. Ал бірді-екілі ауылдың бейпілауыздары әйел туралы жаман сөз айтар болса ондайларға тыйым салу керек». Көрдіңіз бе, бұл даналықтың Пайғамбар хадисімен қандай керемет үндестігі бар.

  1. 3.     ЕРКЕКТІҢ ҚАДІРІН БІЛУГЕ ШАҚЫРУЫ

Бір күні сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір топ қыз-келіншектерге: «Сендер жақсылық жасаушыларыңның қадірін білмей жүрмеңдер» деп өсиет етті. Сонда Әсмә бинт Йазидәл-Ансария: «Уа, Алланың елшісі, жақсылық жасаушының қадірін білмеу деген не?» деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кейде бір әйел күйеуге шыға алмай, ата-анасының үйінде ұзақ уақыт отырып қалады. Содан соң Алла оған бір күйеу нәсіп етіп, одан нәрестелі болады. Сол әйел бір күні күйеуіне ашуланып, оның қадірін білмей «Мен сенен не жақсылық көрдім» дейді. Жақсылықтың қадірін білмеу деген осы», – деп жауап берді. Ер адамның өз отбасын адал жолмен асырауының, бағып-қағуының өзі түсінген адамға Алла тағаланың үлкен нығметі. Отбасына Алланың дінін үйретіп, оларды екі дүниенің бақытына жол сілтейтін де көбінесе, ер адам. Күйеудің қадірін білмеу осы нығметтерді көрмей, шүкірсіздік етуге жатады.

  1. 4.     ӘЙЕЛДІ ҚАДІРЛЕУГЕ ШАҚЫРУЫ

Тағы бір мәселе, бүгінде кей еркектердің өз әйелдерін төмпештеп ұрып-соғып жататыны байқалады. БІрақ онымен шешіліп жатқан мәселе жоқ. Бұл тұрғыда сүйікті пайғамбарымыздың мына бір хадисінің тәлімі мол: «Сендердің біреуің қандай оймен өз әйелін құлды сабағандай ұрып соғады? Түн болғанда сол әйелмен бір төсекте жатпай ма?»

  1. 5.     ЕРКЕКТЕРДІҢ МІНДЕТІ – БАЛА-ШАҒАСЫН АСЫРАУ

Сондай-ақ тағы бір хадисте: «Сендердің біреулерің қолына арқан алып, отын арқалап, оны сатып күн көруі Алланың рызық берген құлдарына барып алақан жаюынан әлдеқайда қайырлы» деп айтылады. Біреудің жұмысын жасап беріп пұл табуды бойына ар-намыс санап тәкаппарланғандар үшін үйіндегі отбасы мен бала-шағасының көздерін жәутеңдетіп, әркімге телміртіп қойғаннан гөрі кез келген кәсіпті жасап, олардың қажеттілігін тауып беру әлдеқайда қайырлы.

  1. 6.     БАЛАЛАРҒА  ТИІСТІ КӨҢІЛ БӨЛУГЕ ШАҚЫРУЫ

Мысалы, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Баласы бар адам баласымен бала болып ойнасын» деген. «Ойнасын» дегенді еркелетсін, бетінен сүйсін, маңдайынан иіскесін, олардың бала көңілдерімен санассын деп те ұғынуға болады. Пайғамбарымыздың өзі де өте балажан кісі болатын. Немерелерімен ойнағанды ұнататын. Олармен сан түрлі ойын ойнайтын. Бірде немерелері атасымен «ат пен шабарман» ойынын ойнай бастады. Сол кезде Омар (р.а.) келді де, көз алдындағы көрініске таңғалып, тұрып қалды.

Сосын балаларға:

– Сіздердің көліктерің қандай керемет! – деді.
Балалар үшін атасы жауап берді:
– Ал олар ше? Олар қандай тамаша шабармандар! 

  1. ӘЙЕЛДІҢ БАҚЫТЫ – КҮЙЕУГЕ БАҒЫНУДА

Бүгінде кейбір әйелдер күйеуіне бағынуды қорлық санайтын сияқты. Ал негізінде, күйеуіне бағыну – әйелдің нағыз бақыты. Бір кісі пайғамбарымызға келіп былай деді: «Уа, Алланың елшісі, менің әйелім бар. Үйге кірсем, алдымнан шығып қарсы алады. Шығар болсам, шын пейілмен шығарып салады. Менің көңілім түсіп кеткенін көріп қалса маған: «Неге көңіліңіз түсіп кетті? Рызық-несібемізді уайымдап отырсаңыз, оған  сіз емес, басқа жауап береді ғой. (яғни рызық-несібеміз Алладан ғой). Егер ақырет жағдайын ойланып отырсаңыз, Алла уайымыңызды арттырсын» дейді. Бұған не айтасыз?». Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әйеліңнен сүйінші сұра. Ол – жаннаттық. Оған айт: «Сен Алланың қызметшілерінің бірісің, саған әр күн сайын Алла жолында жан тапсырған жетпіс шейіттің сауабы жазылып тұрады» деп жауап берген екен. Міне, көрдіңіз бе, әйел үшін жұмаққа кіру оп-оңай.

 

    Отбасы және әйелдер бөлімі   

Үй болудың сабақтары. 1 - сабақ 
Үй болудың сабақтары.  2-сабақ
Үй болудың сабақтары.3-сабақ
Үй болудың сабақтары. 4-сабақ
Үй болудың сабақтары. 5-сабақ
Үй болудың сабақтары.6-сабақ. "Жар таңдағанда ғашық болу шарт па?"
     
 

Бақытты шаңырақ сырлары. 1- сыр: Ықылас-ниет пен талап
Бақытты шаңырақ сырлары. 2- сыр:  Анық мақсат
Бақытты шаңырақ сырлары. 3-сыр: Жақсы жар таңдау
Бақытты шаңырақ сырлары. 4-сыр: Өзара сыйластық
Бақытты шаңырақ сырлары. 5-сыр: Жақсылықты көре білу
6-сыр: Мен неге міндеттімін
7-сыр: Бір-біріңізге ең жақын дос болыңыз

Что даёт мусульманке опыт социальной активности?
Совершенная женщина: мужской взгляд
Всем незамужним мусульманкам посвящается
«Модный» хиджаб? 
Неке 
Некенің шарттары 
Ер адамның отбасындағы міндеттері
Сіз қандай күйеусіз ? (Еркектерге он кеңес)
Мұсылман қыздары сұлулығының құпиясы неде? 
Дінімізде әйелдерге боянуға рұқсат етілген бе?
Әйелдің отбасындағы міндеттері 
Үйлену - Алланың ұлы заңы
Ерлерге қандай әйелдер ұнайды?
Вопросы ритуальной чистоты женщины
Особенности поста Рамадан для женщин: распространенные ошибки, советы на кухне
7 удивительных фактов о Хадидже - жене Пророка Мухаммада (мир ему)
Үйлендің, болды ма?
Медицина мұсылман әйелдерді қолдайды
Аз сөз – алтын…
Фертильные дни - дни возможного зачатия ребенка
10 вещей, которые не делает хороший муж
Мінсіз әйел болудың 10 жолы
Екі жарты бір бүтін
Үйлену де құлшылық
Отбасылық өмірде әйел қандай нәрселерден қашқаны жөн?
Жұмақ ханшайымы хазіреті Хадиша (р.а) анамыз
Жұмақ ханшайымы хазіреті Хадиша (р.а) анамыз. Уарақа ибн Нәуфәл
Жұмақ ханшайымы хазіреті Хадиша (р.а) анамыз. Зубәйр ибн Әууәм
Жарығым (эссе)
Әйелдер туралы
Ізгі ұрпақ сұрап дұға ету
Жарыңыз ашуланбау үшін не істеу керек?
Тәкаппарлықты таста, отбасыңды сақта!
ҚЫЗ БАЛАНЫҢ «ЖИҺАДЫ» ҮЙІНДЕ
Қызды тәрбиелеудегі әкенің рөлі
Бала – бауыр етің
Жанұя жарасымының сыры неде?

Болашақ жарды қалай таңдау керек?
Мұсылман әйел қандай болу керек? Ол – көркем мінезді
Жақсы әйел мына 5 нәрсені жасамайды:
Екі отбасы
Тезірек тұрмысқа шыққыңыз келсе...
Ақ неке

 

 

0 пікір