ОНЫҢ ҚОЛЫН ОҒАН ЛАЙЫҚТЫ, ҚҰҚЫЛЫ АДАМ ҒАНА ҰСТАЙ АЛАДЫ
ОНЫҢ ҚОЛЫН ОҒАН ЛАЙЫҚТЫ, ҚҰҚЫЛЫ АДАМ ҒАНА ҰСТАЙ АЛАДЫ
05.08.2020 12:23
324
0

“Прошу руку и сердце”,- көрші орыс халқында қыздың қолын сұрауға келген жігіттің əкесінің алдына келгенде осы бір сөзді айтатынын барлығымыз білеміз. Бұл қайсыбір елде болмасын қыздың ар-абыройы биік екендігін нұсқайды. Жігіттің қыз қолын ұстағаны -жүрегін ұстағаны, жүрегін ұстағаны – бүкіл ғұмырын аманатым деп арқалағаны. Аманат деген қаншалықты асқақ ұғым болса, қыздың тəні, жаны соншалықты құнды…

Осыған байланысты мына бір өмірде орын алған сұхбатты айта кетсек…
Бір ағылшындық қарапайым мұсылман жігіттен: “Меніңше, сендер əйел затын құрметтемейсіңдер, оларды төмен түсіріп, тіпті, қолын да ұстамайсыңдар” деп шымбайына тиетін сөз айтады. Сонда ол кісі ойланып тұрып: “Сендердің елдеріңде ең құрметті əйел кім?” деп сұрады. Ағылшындық ойланбастан: “Елизавета ханшайым!” деп жауап қатты. “Ендеше оның қолын ұстауға кім лайықты” деп сұрап еді, ағылшындық тағы да іркілместен: “Оның қолын əркімнің ұстауға құқығы жоқ. Тек оған лайықты, соның дəрежесіндегі адам ғана ұстай алады” дейді. Мұсылман сол кезде жымиып: “Біз үшін əрбір əйел заты ханшайым іспетті құрметті, аяулы. Оның қолын оған лайықты, құқылы адам ғана ұстай алады” деп жауап берген екен.

Сол кезде ағылшындық бұл ойды үнсіз мойындапты…

 

Абзал Қасымовтың VK жазбасынан

 

 

0 пікір