Мұсылман отбасындағы әйел мәртебесі
Мұсылман отбасындағы әйел мәртебесі
27.11.2018 09:45
722
0

Бүкіл әлемді кемшіліксіз жаратып, сол жаратылыстың ішінде адамды абзалы еткен, әрі біздерге сансыз нығметтер берген Алла Тағалаға барлық мақтау мен мадақтаулар болсын! Ислам дінінде әйелді ерекше бағалап,оның мұсылман отбасындағы мәртебесін жоғары қояды. Шариғаттың әйелдерге қатысты үкімдері, әйел қауымының ар-намысын сақтап,бақытты болу жолын көрсетеді.Әйел адамның болмысының ерекшелігі сондай, ер адамның өмірінде төрт түрлі қызмет атқарады. Ол - аяулы ана,асыл жар,қадірлі әпке-қарындас немесе қыз.Осы рөлдердің әрқайсысының өзіндік орны бар.              

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):                                                                                              1. «Егер әйел бес уақыт намазын оқыса, рамазандағы оразасын ұстап,намысын қорғап,күйеуіне бағынатын болса, Жәннатқа қалаған  есігінен кіреді» (Бұхари).

2. «Жер бетінде жақсы, ізгі амал істегендері үшін жәннатқа кірген әйелдер, хор қыздарынан да сұлу болады» (Хаббан ибн Хабладан ибн әл-Мубарак риуаят еткен).

3. «Әйелдермен жақсы қарым-қатынас қылыңдар. Негізінде әйел қабырғадан жаратылған. Қабырғаның жоғарғы бөлігі қисық келеді. Оны түзегің келсе, сындырып аласың. (яғни, онымен қарым қатынасыңды бұзып аласың). Ал егер өз жайында қалдырсаң,сол қисайған күйінде қалады. Осы себепті әйелдермен (әр уақытта) жақсы мәміледе болыңдар» (Абу Хурайрадан Бухари риуаят еткен).                                                                                                                  

4.Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):                                                                                               Әйелдерге қарап былай деді: «Ей әйелдер! Сендердің ең жақсыларың,жақсы еркектерден бұрын жәннатқа кіреді. Бұл ізгі әйелдер (жәннатқа кірген соң) жуынып, тазаланып, әдеміленіп ең мықты аттарға мініп күйеулерін қарсы алуға шығады. Оның үстінде әшекейлер, жандарында қызметшілері болады, олар жылтыраған меруерттей болады» (Абу Амамадан Абу Шейх риуаят еткен).                                                                                                                                                   5.«Мына дүниенің салиқалы әйелдері, хор қыздарынан жетпіс мың есе артық болады» (Хаббан ибн Абу Хабладан Ибн Мубарак риуаят еткен).

6.«Мінезі жақсы адамның иманы берік болады. Сендердің ең жақсыларың, әйелімен жақсы мәміле қылушыларың» (Абу Хурайрадан Тирмизи риуаят еткен).

7.«Кімде кім анасының көзін сүйсе, осы ісі тозақ отынан қорғайтын қалқан болады» (Ибн Аббастан Байхақи риуаят еткен).

8. «Біреудің басына қыздары себепті қайғы-қасірет, сынақ келсе, ал ол оған сабырлық етсе, оттан құтқарылуына қыздары себепші болады»                                     (Айша (р.а.) анамыздан Тирмизи риуаят еткен).

9. «Егер бір адамның үш қызы болса, оларды киіндіріп, қамқорлық етіп, тамақтандырып оларға сабырлық етсе, қыздары қиямет күні тозақ отынан сақталуына себепші болады» (Ъуқба бин Амирден ибн Мажа риуаят еткен).

10. «Алла Тағала өз қыздарына сабырлық еткен әрі осы үшін сыяпатқа ие болатынын білетін адамды жақсы көреді» (Абу Хурайрадан Абу Шейх риуаят еткен).

11. «Қыздар – олар мейірімді, игі жандар. Бір қызы бар адамды Алла Тағала тозақ отынан сақтайды. Екі қызы бар адам, солардың себебімен жәннатқа кіреді. Ал үш қызы бар немесе қыздары секілді кіші қарындастары бар адам, оларға қамқоршы болса, оның мойнынан жиһад пен садақаның жауапкершілігі түседі» (Анастан Дилми риуаят еткен).                                      

Ой түйіннін қорытындылай келе «Қыз жат-жұрттық» деп бекер айтылмаса керек, ұясынан ұшқан құс секілді, Алла Тағала ұшқан құсты азықпен  рызықтандырса,  қыз баласын асыл жар, аяулы ана болу мәртебесіне жеткізеді және де көптеген сый-сыяпатпен сүйіншілейді.

 

«Ақмешіт» мешітінің ұстазы Қалдыгүл Белесқызы

 

0 пікір