МҰСЫЛМАН ХАНЫМДАР НАЗАРЫНА!
МҰСЫЛМАН ХАНЫМДАР НАЗАРЫНА!
16.08.2019 10:41
805
0

Жылжып жатқан жылдан, ағып өткен айдан, көлбей өткен күннен, бала-бала, бала деп хабарсыз жатқан аналарға бір шүйінші!

МҰСЫЛМАН ХАНЫМДАР!

Арда ана, аяулы жар болған ханымдар! Күйеулеріңіздің қадірін біліңдер.

  МҰСЫЛМАН ХАНЫМДАР!

 Теледидардағы сериалдардың, феминизмнің, ұрма-жық дәстүрдің, құлығы бұзық дос, ағайын, көрші-қолаңның әдетіне еріп, салтына сеніп арқа сүйер күйеулеріңізге құрметсіздік көрсетпеңдер. Өйткені Әз елші (с.ғ.с): «Күйеулеріңе деген мәмілеге аса мән беріңдер. Олар сіздердің жаннаттарыңыз немесе тозақтарыңыз болмақ. Егер бір әйел күйеуімен салғыласып «Мен, сенен не қайыр көрдім осы» десе жасаған бар жақсылығы босқа кеткен болады» деген (Жәмиғус-сағир).

МҰСЫЛМАН ХАНЫМДАР!

 Бұл бұзық жүйе, толған бүлікпен тұзақтарға қарамай, арамдарға ілікпей істерінен кешке отбасына оралған жұбайларыңды қарсы алғанда кәдімгі Аллаһ жолындағы сәтті сапардан қайтқан бір жанкешті жанды күткендей күтіп алуды ұмытпаңыздар! Өйткені Ақиық елші (с.ғ.с): «Кімде-кім қарт ата-анасын бағу үшін еңбек етсе, сол кісі Аллаһ жолында болып табылады. Кімде-кім бала-шағасының ризығы үшін тер төксе, ол да Аллаһ жолында болмақ. Кімде-кім күнкөріс үшін қимылдаса, олда Аллаһ жолында болып саналады. Кімде-кім ақы алал кәсіп үшін еңбектеніп шаршап-шалдығып түнейтұғын болса, күнәлары кешірілген күйде түнеген болып табылады» деген (Жәмиғус-сағир).

МҰСЫЛМАН ХАНЫМДАР!

  Отауына ие болып, арамға бет бұрмай, жарына қиянат етпей, жүзі жылы, құлшылықтарына ынтық  жарларыңызға ас даярлап дастархан жайған сәтте, кәдімгідей Аллаһ жолында хажылық тіпті соғысып қайтқан кісіге даяшылық жасап жатқаныңызды әсте естен шығармаңыздар! Өйткені Данышпан елші (с.ғ.с): «Қажылық жасағандай сауапқа кенеліп қонақтаған, Аллаһ жолында соғысқа шыққандай сыйға бөленіп таң атырған асылдарға шүйінші болсын. Бұл кісілер, алалға аса мән беріп, азға қанағат етіп, арамға аяқ баспағандар. Бала-шағасына күлімсірей кіріп, күлімсіреп үйінен аттанушылар.  Жаным  құдіреті қолында болған Аллаһқа ант етемін, өйткені ол кісілер, Ұлықта Дара Аллаһ жолында қажылық жасап, соғысқа қатысқандармен пара-пар» деген (Жәмиғус-сағир).

МҰСЫЛМАН ХАНЫМДАР!

  Үйі және отбасымен шама-шарқынша айналысуға, уақыт бөлуге тырмысқан күйеулеріңіздің Ардақты елшінің шүйіншісіне лайықты болғанын ұмытпаңыздар! Өйткені Арда елші (с.ғ.с): «Тіліне ие болып, үйінде бала-шағасымен бірге болудан (уақыт өткізіп, ие болудан) тыныштық тауып және қате-кемшіліктері үшін жылаушыларға шүйіншілер болсын!» деген (Жәмиғус-сағир).


МҰСЫЛМАН ХАНЫМДАР!

  Күйеулеріңіздің балаларыңмен ойнауының, оларға әрбір мәмілесінің тіпті оларға деген мейіріммен қарауының өзі бір берекет болып жазылатынын әсте ұмытпаңыздар! Өйткені Сүйікті елші (с.ғ.с): «Әке баласына разылығымен бір қарағанының өзінде, баласы бір құлды азат еткендей сауапқа кенеледі. Әкенің баласына дұғасы да, пайғамбардың үмбетіне жасған дұғасы секілді» деген (Жәмиғус-сағир).

МҰСЫЛМАН ХАНЫМДАР!

 Күйеулеріңнің үйге алған, күнделікті керек-жарақ, сауда-саттықтарының өзі, Аллаһ тарапынан оларға сауап һәм садақа болып жазылатынын да естен шығармаңдар! Алла Елшісі (с.ғ.с): «Еркектің ханымына жегізгені садақа, бала-шағасына жегізгені садақа. Сондай-ақ қызметшісіне жегізгені де садақа, тіпті өз жегені де садақа болып табылады. Еркек әйеліне су ішкізсе де одан сауап табады. Құлдың сауап құтысына алғаш құйылатын амалы, бала-шағасының қамы үшін жұмсаған қаражаты болып табылады» деген (Жәмиғус-сағир).

МҰСЫЛМАН ХАНЫМДАР!

  Отауының һәм отбасының жүгін арқалаған, бала-шағасының болашағы үшін күн-түн демей еңбектенген, сол жолда күш жұмсаған күйеулеріңізге қараған кезде, тілек тілеген сәтте бөгетсіз бір кейіпте Аллаһқа жететін бір құлға қарап бағып отырғандарыңызды мүлде ұмытпаңдар!  Өйткені Сұңғыла елші (с.ғ.с): «Әкенің тілегі, ешқандай бір бөгетке бөгелместен Аллаһтың құзырына шығады» деген (Жәмиғус-сағир). 

 

Берікбай ГЕРМАНҰЛЫ

Баянауыл ауданы

«Мұса-мырза» мешітінің ұстазы

0 пікір