МЕНЕН «СЕН КҮЙЕУІҢ ҮШІН КІМ БОЛАСЫҢ?»,-ДЕЙМІСІЗ, ЕНДЕШЕ...
МЕНЕН «СЕН КҮЙЕУІҢ ҮШІН КІМ БОЛАСЫҢ?»,-ДЕЙМІСІЗ, ЕНДЕШЕ...
11.06.2020 14:24
255
0

- Мен, Алла қаласа, Алла қосқан өмір жолдасы боламын.. Суықтан қорғап, жылытқан оның өміріне күн шуағы, ыстықтан паналатқан көлеңкесі боламын...

- Мен оның өмірінің бөлігі, Иманының жартысы боламын Ин ша Алла...

- Егер ол үйге жүзінде мұң қайғымен келсе, қолымнан келгенше қайғысын қуанышқа айналдыруға тырысамын..

-  Өйткені ол менің өмірімнің бөлігі, тек менің сарайымның патшасығой...

- Мен оны күлдірем, құшағын қуанышқа толтыратын боламын. Біз бірге таң намазына ертемен тұратын боламыз, ол үшін, өзім үшін Алладан бақыт тілеп дұға етеміз...

- Мен ол үшін ерекше, ең керемет әйел боламын...

- Маңызды мәселелерде өз ақылымды айтамын, екеуміз бірге талқылап, ол шешім қабылдайтын болады...

- Ол маған сырын айтса, өзімнің сырымнан да артық етіп сақтаймын...

- Иманының жартысы боламын, өз еріме адал, сүйген жары болам Ин ша Алла!

- Күйеуім - менің жұмағым! Бір-біріміз үшін дұға жасайтын боламыз...

- Ол маған Жәннатты тілесе, мен оған - Фирдаусты нәсіп етуін сұраймын...

- Алладан бізге салихалы ұрпақтар беруін, оларды тақуалы жандар етіп тәрбиелеуімізді сұраймыз Ин ша Алла..

- Əрине, Алла бұйыртып маңдайыма жазған жанмен. Расымен, ол кім екені әлі белгісіз болса да, Аллаһым оған ұзақ ғұмыр беріп, тіл көзден сақтасын

-Әмиин..!

 

0 пікір