«Медовый» торты
«Медовый» торты
14.05.2015 16:41
23942
0

        Барлығы сүйіп жейтін «медовый» тортын қалай жылдам әрі дәмді етіп дайындауға болады? Онда төмендегі рецептімізге назар салыңыз:

 Керекті заттар:

 Қамырға:
Жұмыртқа   6 дана
Қант   160 гр.
Бал   2 ас қасық
Ұн   190 гр.
Қопсытқыш (разрыхлитель)   1 шай қасық

Кремге:
Қоюланған сүт (сгущенка)   200 гр.
Сары май   150 гр.
Бір плитка шоколад 

Дайындалуы:

1. Жұмыртқа, қант пен балды он минут бойы араластырамыз. Болған соң қоспамыз көпіршіп, бастапқыдан төрт есеге үлкеюі керек. 

2. Үстіне ақырындап ұнды қоса отырып төменнен жоғары қарай араластырамыз. 

3. Пештің ыдысын майлап дайын болған қамырымызды  құйып  170 C - та қызарғанша пісіреміз. 

4. Суыған соң алып  3 бөлікке бөлеміз. 

5. Крем дайындау үшін қоюланған сүтті ерітілген сары маймен  араластырамыз. 

6. Әр бөлікке крем жағамыз. 

7. Торттың бетіне еріген шоколадты жағып, үстіне жаңғақ себеміз. 

Астарыңыз дәмді болсын!

Басқа мәзірлер
«НАПОЛЕОН» рулеті
 Таңғы асқа арналған құймақ

 

 

 

 

 

       

0 пікір