МӘҺІР
МӘҺІР
11.08.2021 11:12
1450
0

 Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Алла Тағаланың саған нығмет сыйлағаны сияқты, сен де өзіңе жақсылық және сыйлық жаса (Нығметтің белгісі үстіңде көрінсін)». (Бәйһақи, «Шуғаб ул-Иман»)

Мәһір – некелескен әйелге ердің төлуі керек болған мал. Некенің шарты емес. Еш мәһір айтылмай жасалған неке сахих болады. Бірақ «Мәһр-і мисл» уәжіп болады.

Мәһір ерді қарызға батырып, қинайтын көп болмау керек және әйелдің көңілін түсіретіндей аз да болмау керек. Мәһірде әйелдің қадірін көтеру, қажетін өтеу, келешегін қамтамасыз ету, көңілін алу және жасауын дайындау сияқты пайдалар бар. Сондықтан күннің шарттарына қарай әйел арасындағы құнға сай мәһір белгілеу керек.

Мәһір: Екі жақтың разылығымен мөлшер тағайындау немесе тағайындамау жағынан мәһр-і мүсәмма және мәһр-і мисл болып екіге бөлінеді. 

Мәһрі мүсәмма: Неке қиылып жатқанда екі жақтың келісімімен тағайындалған ақша немесе қандай да бір дүние.

Мәһрі мисл: Неке қиылып жатқанда мәһір айтылмаған болса әйелдің әке жағынан туыстарының мәһрі үлгі ретінде алынады. Мысалы әйелдің сіңлісі, анасының әпке, сіңлісі, немере ағасы мен анасының әйел туыстарының қыздарының қайсысына жағдайы сәйкес болса соның мәһіріндей мөлшер белгіленеді. Мәһір берілетін уақытына қарай мәһрі мұажжәл және мәһрі мүежжел болып екіге бөлінеді. 

Мәһрі мұажжал: Алғашқы түннен бұрын нышан және той кезінде әйелге тағылған әшекей, берілген ақша немесе зат. Кейбір елдерде бұған «ауырлық» деп айтылады. Тіпті берілген көрімдіктің өзін мәһірге санауға болады. Көрімдік – сүннет.

Мәһрі мүежжел: Ажырасу немесе өлімге дейін кешіктірілетін мәһір. Күйеу мәһрі мүежжелді ажырасу және өлім уақытынан бұрын төлей алады. Әйел де мәһірді күйеуіне сыйлай алады. Мұнда әйелдің уәлиінің қарсы келуге құқығы жоқ. Ерік толығымен әйелде.

0 пікір