КҮЙЕУІҢІЗДІ БАҚЫТТЫ ЕТКІҢІЗ КЕЛСЕ... (әйелдерге кеңес)
КҮЙЕУІҢІЗДІ БАҚЫТТЫ ЕТКІҢІЗ КЕЛСЕ... (әйелдерге кеңес)
25.02.2021 10:33
1556
0
  1. Егер күйеуіңіз үшін «ханшайым» болғыңыз келсе, оны «хан» деп қабылдаңыз.
  2. Соңғы сөз күйеуіңіздікі болуы тиіс.
  3. Жұмыстан келер уақытында әдемі киініп, күліп қарсы алыңыз.
  4. Үйге кірмей жатып проблемаларыңызды айтып, ызыңдай бермеңіз. Ондай қылық ешбір еркекке ұнамайды.
  5. Еріңіздің жақсы көретін тағамдарын жиі әзірлеп тұрыңыз.
  6. Күйеуіңіздің кемшілігі болса оны көрмеуге тырысып, өзгелердің көзінше оны мақтап, тек жақсы жақтарын айтыңыз. Ол күйеуіңізге деген сенімділік пен сізге деген сүйіспеншілігін арттырады.
  7. Әйелдердің қателігі үнемі көңілтолмаушылығы. Қолдағы барға шүкіршілік етіңіз.
  8. Сырлас досы бола біліңіз.
  9. Үйіңізде жағымды атмосфера қалыптастырыңыз. Жұмыстан кейін күйеуіңіз үйге, сізге, балаларына асығатындай жағдай жасаңыз.
  10.  Отбасыңыз үшін үнемі дұға жасаңыз. 

 

0 пікір