ЖЕКЕ ӨМІРДІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫ
ЖЕКЕ ӨМІРДІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫ
12.01.2020 20:24
1152
0

Адамдардың бір-бірінен күмəнданудан, кем-кетігін іздеп, айыбын ақтаруға дайын тұратын сұғанақ мінездерден тыятын, үйге тек рұқсат алып, сəлем бере кіруді əмір ететін аяттар мен хадистер адамның жеке өміріне қол сұғуға болмайтынын көрсетеді.

Сөзі сыпайы, мінезі биязы Пайғамбарымызған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарды сыртынан өсектеп, жеке өмірін жария етуді қатты сынға алған жəне Алла Тағаланың ондай адамдарды қиямет күні қор қылатынын ескерткен. Біреудің алдына бару үшін əрі кеткенде үш мəрте рұқсат сұрау керектігін айтқан Пайғамбарымызған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)мұсылманның мұсылмандағы маңызды ақыларының бірі қарсы тараптың мақұлдауынан тыс оның жеке өміріне килікпеу екенін үмбетіне шегелеп тапсырған.

Қазіргі таңда адамдардың жеке өмірінен хабар беретін мəліметтерге еркін қол жеткізуге болады. Теледидар, ғаламтор жəне басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шімірікпей жеке бас құқығына нұқсан келтіретін мəліметтерді тарату көптеп кездеседі. Мұны жариялылық деп қабылдаудың жөні жоқ. Өйткені, бұл жоғарыда айтылған оңбаған қылықтың нақ өзі. Жай қызығушылық пен мұндай деректерге көз жүгірту де ол адам туралы жаман ойдың қалыптасуына, ол туралы дақпырттың қаулауына себепші болары анық.

Пайғамбарымыздың ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)«Ғайбат айтылған жерде тұрмаңдар, ғайбатты тыйыңдар» деуі бекер болмаса керек.

 

0 пікір