Жақсы әйел мына 5 нәрсені жасамайды:
Жақсы әйел мына 5 нәрсені жасамайды:
11.07.2015 13:04
110580
0

        Жақсы әйел. Бұл сөзді айтушылар да, армандаушылар да көп. Тіпті «жақсы әйел мынадай болуы керек, анадай болуы керек» деп ақыл айтушылар да табыла кетеді. Расында, жақсы әйел қандай болуы керек? Әрине бұл сұраққа мың сан жауап бар. Алайда әр адам қайталанбас тұлға екені мәлім. Кез-келген адамның жақсы тұстарымен қатар кемшіліктерінің де болуы заңды. Отбасының беріктігі де сол екі жанның мінез-құлқына байланысты, әсіресе әйел затының. Сол себепті «сүйікті жар, сыйлы келін, аяулы ана» атанып, шаңырағыңыздың берік болуына септігін тигізер келесі кеңестерді ұсынамыз.

       Сонымен, жақсы әйел:

  1. 1.     «Ызыңдамайды». Күйеуіне әрдайым жекіп, ұрсып, «ызыңдай» беретін әйелден еркек «қашады». Үнемі құлақтың етін жей беретін әйелдер еркекті мезі етеді. Сонда тіпті кейбір еркектер қатыгездік танытып, қол көтеруге дейін барады. Ара қатынастары суиды.
  2. 2.     Шағым жасамайды. Күйеуіне «сен сондайсың» деп мін тағып, күңірене беретін әйелден де ер адамның көңілі қалып «ей, қойшы, саған ешқашан жақпайсың» деп қолын бір-ақ сілтейді.
  3. 3.     Өсек айтпайды. Әйел затының өздері оңаша қалғанда болған жайларды бүге-шігесіне дейін тәптіштеп отырып өсек айтқанды ұнататыны бар. Жарыңызды өзгелерге жамандап абырой таппайсыз. Мұны білген күйеуіңіздің сағы сынып, сізге деген сезімі салқындап кетуі мүмкін.
  4. 4.   Құрметсіздік танытпайды. Ер адам ең алдымен әйелінің өзін сыйлағанын қалайды. Олардың түсінігінде «сыйлайды, демек мені жақсы көреді» деген қағида қалыптасқан. Сыйластық  оның пікірін бағалау, ақылын тыңдау, сөйлеп жатқанда сөзін бөлмеу, маңызды шешім қабылдағанда еріңіздің пікірін бірінші орынға қою деген сөз.
  5. 5.    Өзгелерді күйеуінен жоғарғы орынға қоймайды. Ер кісі отбасының басшысы, сондықтан әйел «отағасы» деген сөзді жадында мықтап ұстауы тиіс. Әйелдің достарын, карьераны, туыстарын күйеуінен артық көруінен үйде түсініспеушіліктер, ұрыс-керіс басталады.

        Кез-келген ер адамға жылы жүзді, жайдары, мейірімді, қолы ашық, ерінің айтқанын тыңдай отырып ақылшысы әрі сырласы бола білетін әйелдер ұнайтынын естен шығармаңыз.

       Алла тағала баршаңызға жақсы әйел болуды жазсын.

    Отбасы және әйелдер бөлімі    

Үй болудың сабақтары. 1 - сабақ 
Үй болудың сабақтары.  2-сабақ
Үй болудың сабақтары.3-сабақ
Үй болудың сабақтары. 4-сабақ
Үй болудың сабақтары. 5-сабақ
Үй болудың сабақтары.6-сабақ. "Жар таңдағанда ғашық болу шарт па?"
  
 

Бақытты шаңырақ сырлары. 1- сыр: Ықылас-ниет пен талап
Бақытты шаңырақ сырлары. 2- сыр:  Анық мақсат
Бақытты шаңырақ сырлары. 3-сыр: Жақсы жар таңдау
Бақытты шаңырақ сырлары. 4-сыр: Өзара сыйластық
Бақытты шаңырақ сырлары. 5-сыр: Жақсылықты көре білу
6-сыр: Мен неге міндеттімін

Что даёт мусульманке опыт социальной активности?
Совершенная женщина: мужской взгляд
Всем незамужним мусульманкам посвящается
«Модный» хиджаб? 
Неке 
Некенің шарттары 
Ер адамның отбасындағы міндеттері
Сіз қандай күйеусіз ? (Еркектерге он кеңес)
Мұсылман қыздары сұлулығының құпиясы неде? 
Дінімізде әйелдерге боянуға рұқсат етілген бе?
Әйелдің отбасындағы міндеттері 
Үйлену - Алланың ұлы заңы
Ерлерге қандай әйелдер ұнайды?
Вопросы ритуальной чистоты женщины
Особенности поста Рамадан для женщин: распространенные ошибки, советы на кухне
7 удивительных фактов о Хадидже - жене Пророка Мухаммада (мир ему)
Үйлендің, болды ма?
Медицина мұсылман әйелдерді қолдайды
Аз сөз – алтын…
Фертильные дни - дни возможного зачатия ребенка
10 вещей, которые не делает хороший муж
Мінсіз әйел болудың 10 жолы
Екі жарты бір бүтін
Үйлену де құлшылық
Отбасылық өмірде әйел қандай нәрселерден қашқаны жөн?
Жұмақ ханшайымы хазіреті Хадиша (р.а) анамыз
Жұмақ ханшайымы хазіреті Хадиша (р.а) анамыз. Уарақа ибн Нәуфәл
Жұмақ ханшайымы хазіреті Хадиша (р.а) анамыз. Зубәйр ибн Әууәм
Жарығым (эссе)
Әйелдер туралы
Ізгі ұрпақ сұрап дұға ету
Жарыңыз ашуланбау үшін не істеу керек?
Тәкаппарлықты таста, отбасыңды сақта!
ҚЫЗ БАЛАНЫҢ «ЖИҺАДЫ» ҮЙІНДЕ
Қызды тәрбиелеудегі әкенің рөлі
Бала – бауыр етің
Жанұя жарасымының сыры неде?

Болашақ жарды қалай таңдау керек?
Мұсылман әйел қандай болу керек? Ол – көркем мінезді

0 пікір