ИСЛАМ ТАРИХЫНДАҒЫ ҒАЛЫМ ӘЙЕЛДЕР
ИСЛАМ ТАРИХЫНДАҒЫ ҒАЛЫМ ӘЙЕЛДЕР
27.11.2020 09:47
2056
0

Ілім адам баласына берілген ерекше қазына. Ілім дегеніміз бір нәрсенің ақиқатына жету. Адам мен жан-жануардың басты айырмашылығы да осы білімде. Құрандағы алғашқы түскен аятта адамзатты білім үйренуге шақырады. Одан бөлек, Құранда 823 жерде білім турасында, 49 жерде ақыл жүгірту жайлы, 18 жерде ойлануға шақыратын аяттар кездеседі. Осы сандарға қарап білімнің орны Алланың құзырында айрықша мәртебеге ие екенін айта аламыз.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадис шарифінде былай деген:

«Ілім алу — әрбір мұсылман ер мен мұсылман әйел баласына парыз».

                                                                                     Әс-Суюти

                                                                                     (сахих ли-ғаириһи).

         Осы тұста көкейімізде мынадай сұрақтар туындайды.

Шариғи ғылым міндетті ма?

Дүниелік ғылым міндетті ма?.

Бұл екі сауалға байланысты ислам ғалымдарының көзқарастары әртүрлі болғанымен бір пікірге келіп тоғысады. Яғни, мұсылман ер мен әйелдің жеке бастарына орындау міндет болған міндеттерді (ғайн парыз) үйреніп, білу олар үшін парыз. Мысалы, намаз, зекет, ораза, қажылық, дәрет, ғұсыл т.б амалдардың қалай жүзеге асатынын білу және онымен амал етуге міндетті.

 Ал, дүниелік ғылымды меңгеру барлығымызға бірдей парыз емес. Керісінше дүниелік ғылымды үйрену кейбірімізге ғана міндетті. Мысалы, медицина, заңгерлік, инженер, бизнес, экономика т.б ғылымдарды барлығымыз үйренуге міндетті емеспіз. Немесе, шариғатта қайтыс болған адамды жуындыру, кебіндеу, жаназа намазы сынды ортақ міндеттемелерді(кифая парыз) біліп, үйрену бәрімізге парыз емес. 

         Білім ізденушінің барлық ғылымнан белгілі бір дәрежеде хабары болып, өз мамандығын нақты білуі шарт. Бірдің басы, бірдің аяғы болмауы тиіс. Қазіргі таңда мұсылмандарға ислам ғылымымен қатар дүниелік ілімді де талап ету өте маңызды.

         Ислам тарихында ғалымдар тек ер адамдар болмады. Сонымен қатар әйел мұсылмандарда ғылымға, ілімге зор үлес қосқан. Ислам дінінің келуімен бірге әйел затының да дәрежесі көтерілді. Батыс елдері терең ұйқыда жатқанда мұсылман қауымы әйелдерінің өзі  жоғары дәрежедегі ғалым болып, ислам ғылымы мен мәдениетін қалыптастыру мен дамытуға өз үлестерін қосқан.

Ибн Һажар әл-Асқалани «Әл-Исаба фи–тамииз әс-Сахаба»атты кітабында 1543 әйел сахабаны келтірген, олардың ортасында ислам құқығы және хадистанушылар, жазушылар, тәпсіршілер, ақындар болғандығын айтады. Ғалым әйелдер ілім мәжілістеріне қатысуда және алған білімдерін басқаларға үйретуде өте ықыластылық танытқан.

  1. Ғалым әйелдердің сәйиді (ханымы), бүкіл мұсылман әйелдеріне үлгі болған Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) жары Айша (р.а) болды. Айша анамыз ғалым сахабалардың ішінде білім жағынан озық болған. Сонымен қатар Құранды, парыздарды, өлеңді, тарихты өте жетік түрде меңгерген. Ең көп хадис жеткізген сахабалар қатарынан — (مكثرون ) 2210 хадис риуаяты, фиқһ пен бірге медицина ілімінен де хабары болған. Көптеген сахабалар Айша анамызды ғалым ретінде мойындап, одан білмеген мәселелерін сұрап отырған.
  2. Сол сияқты, Үмму әл-Дәрдә де ғалым, ислам құқығын меңгерген ғалым аәйелдердің қатарынан орын алады. Имам Нәуәуи ол кісіге былай сипаттама берген: «Терең пайымдау мен ақыл-парасатқа ие сипаты бар екенін мойындаңдар».
  3. Әшшифә бинтү Абдулла әл-Муһажир  әл-Құрайшийә оқу-жазуды меңгерген ғалым әйел. Омар р.а оны есепші етіп сайлаған. Хафса бинт Омар б.Хаттаб (р.а.) – Пайғамбарымыздың жары ілім алушылар қатарынан болған.
  4. Ғамра б. Абдуррахман б. Әсғад (х.98) өз ғасырында фиқһ ілімін меңгерген ғалым болды. Және  Сәкинә б. Хусейн  фақиһ әйелдерқатарында.
  5. Афифа Сәлима  Бәрразә ғалым анамыз.Ол кісіден ақындар жиналып дәріс тыңдаған.
  6. Кемеңгер ғалым анамыз Фатима б. Хусейн б. Әли өз дәуіріндегі ілім мен тақуалығымен көзге түскен әйелдердің бірі. Ол кісінің риуаятына Ибн Исхақ, Ибн Хишәм сынды ғұламалар сүйенген. Және Шәһада б. Ахмад б. әл-Фурж көркем жазу шебері, есту қабілеті өте жоғары болған мұғалима болған.
  7. Нәфисә б. Хасан б. Зәйд б.Хасан б. Әли (р.а.)  өз ғасырының мәшһүр ғалымы. Хадис ілімі мен ұштасқан тақуалығы да жоғары салиқалы әйел болған. Мәлик б. Әнәстің ілім мәжілісіне қатысатын, сонымен қатар Имам ШәфиғиНәфиса анамыздың шәкірті болған.
  8. Зәйнәб б. Аббас әл-Бағдәдийә фиқһ және басқа ілімдерді меңгерген ғалым. Және Шәһадә б. әл-Ибри әл-Кәтиб хадис ілімдерін меңгерген.Ол кісіден Ибн Жәузи мен Ибн Құдәма әл-Мақдасий сынды ғалымдар ілім алған.
  9. Үмму Хабиба әл-Асбаһанийа танымал ғалымдардан ілім алған ижаза иегері. Және Фатима б. Ғала әд-Диин әс-Самарқандий білікті құқықтанушы болған.
  10.  Андалусияда ғалым әйелдер фиқһ, әдеп, құран, басқа да ілімдерді меңгерді. Олар: Хафса б. әл-Хаж, Уиләдә б. әл-Мустакфи, Айша әл-Құртубийа, Нәзһун б. әл-Ғарнатийа, Сара әл-Халбийа, Хасана б. әл-Махша және Үмму әл-Кирам б. әл-Мұғтасам. Андалусия фақиһы Ибн Хизам осы әйелдерден тәлім алып, құран үйреніп, өлең, көркем жазу өнерлерінен сусындаған.
  11.  Исламды қабылдаған араб емес елдерде де ғалым әйелдер болды. Олар: Фатима әл-Фәһрийа, Әсма б. Әл-Әсад, Хадижа б.т Сахнун, Үмму Һәни б.т Мұхаммад, Әмира  Хунаса б. Бикар, Рұқия б. Ғайш т.б сынды ғалым әйелдер бар. Бұл кісілер хадис, фиқһ т.б ғылымдарды жетік меңгерген. Имам Ғазали мен Әннасих балалық шақтарында осы кісілерден ілім алып бастаған.
  12.  Ислам тарихының орта ғасыры һижраның 7-ғасырларында Имам Ахмад б. Ханбал мен Табарзад сынды ғаламдардан дәріс естіген Зәйнаб б. Мәкки б. Әли өз ғасырының танымал ғалымы болған.

Имам Сахауи мен Жәләддин әс-Суюти өз еңбектерінде басқа үлкен ғалымдар сияқты әйел кісілерден дәріс алғанын айта отырып, еңбектерін тәмәмдәған.

Біздің дәуірімізге дейін мұсылман әйел ғалымдар өте көп болған. Оған жоғарыда келтірген есімдер дәлел бола алады.

 

Соңғы ғасырлар.

19-ғасырда танымал болған бірнеше ғалым мұсылман әйелдердің есімдерінде келтіруге болады.

  1. Ғалия б.т әш-Шейх әл-Ғаллама б. Киран логика ілімін меңгерген.
  2. Фатима әл–Ғаудийадан  Ахмад Латфи әс-Сәийд 1882 ж. он жасында құран жаттап шыққан.
  3. Сәкина б.т Хасан құран аяттарын 20 ғасырда жарыққа шыққан күйтабаққа өз дауысымен жазған алғашқы қари.
  4. Зәйнаб б.т Мұхаммад танымал хафиздардан. Құранды 9 жасында жаттаған. Бұл кісілерден де басқа ғалым әйелдер қатары көп болғаны анық.

Ислам тарихына көз жүгіртсек, әйел затының мұсылман қоғамында құқығы жоғары болғанын көрсетеді. Ілім үйрену, талпыну құқығына дәлел бола отырып, қазіргі заманда ілім іздену барысында түрлі фитналардан сақтануға шақырады. Ілім ізденуші әйел заты қыздар тобында отырып, басында орамалы болуы шарт. Аллаһ біздерді пайдасыз ілімнен сақтасын!

Ғалым әйелдерден Алла разы болсын!

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. http://darululoom-deoband.com/arabic/magazine/tmp/1398056390fix4sub4file.htm
  2. «Хадис тарихы». Ахмед Иылдырым. Анкара -2016.
  3. https://www.islamweb.net/ar/fatwa/11280/%D9%85%D8%B9%D9%86%D9%89-%D8%B7%D9%84%D8%A8-%D8%A7%D9%84%D8%B9%D9%84%D9%85-%D9%81%D8%B1%D9%8A%D8%B6%D8%A9-%D8%B9%D9%84%D9%89-%D9%83%D9%84-%D9%85%D8%B3%D9%84%D9%85

Дауылбай САЙЛАУҰЛЫ,

Әбу Бәкір медіресе түлегі.

Әл  Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

 Исламтану мамандығының 3-курс студенті. 

 

 

 

0 пікір