Болашақ жарды қалай таңдау керек?
Болашақ жарды қалай таңдау керек?
03.07.2015 12:17
21315
0

        Біз ақ некелі жарын «Құдай қосқан қосағым», «жан жарым» деп құрметтейтін халықпыз. Әуелі Алланың, сосын өзінің қалауымен екі жас бірін-бірі тауып, өмірлік серігіне айналып жатса құба-құп. Алайда қазіргі таңда болашақ жарымды қалай тапсам екен деп жүргендер де аз емес. Міне, сол жандарға өзінің сыңарын таңдауда есте сақтауы тиіс келесі кеңестерді ұсынамыз:

             Мейірімділік.

       Көпшілігіміз махаббатты ғашықтықпен шатастырып алып жатамыз. Ғашықтық – физикалық тұрғыдан ұнатудан пайда болатын өткінші сезім, ал махаббат – сыйластық пен мейірімділіктен құралған «піскен», кемелденген сезім. Мейірімділік пен сыйластыққа құрылған шаңырақ ешқашан шайқалмайды. Міне, сондықтан некелеспес бұрын ол адамның бойында мейірімділік бар ма, байқап көріңіз. Не туралы айтатынын тыңдаңыз, айналасындағылармен қарым-қатынасы қандай, оларға көмек беруге дайын тұра ма? Сіз қандай да бір қиын жағдайға тап болғаныңызда қол ұшын созды ма немесе дайын ба? Осы сұрақтардың жауабын іздеңіз. Бұл өте маңызды.

        Ортақ мақсаттар.

       Алдымен сіз өзіңізді таныңыз, мақсаттарыңыз бен армандарыңыз қандай, олар сіз таңдаған адамның мақсаттарымен сәйкес келе ме? Неке екеуіңіздің ойларыңыз бір жерден шығып, сол мақсаттарыңызға бірге ұмтылсаңыздар ғана сәтті болмақ. Егерде екеуіңіз екі жаққа тартқылап, «екі жарты бір бүтін» болмасаңыздар ол отбасының болашағы бұлыңғыр. Екеуміз екі түрлі адам болдық, сөзіміз жараспады деп ажырасып кетіп жатқандар тап осыдан шығады. Сондықтан әңгіме барысында болашақтарыңыз туралы сөз қозғаңыз. Ол неше бала болғанын қалар едің, оларды қалай тәрбиелегің келеді, келешегіңді қалай елестетесің деген сияқты қарапайым сұрақтардан тұрады. Отбасы – ортақ мақсаттар мен мүдделерден тұратын одақ екенін естен шығармаңыз.

        Бар болмысымен қабылдаңыз.

       Сіз таңдаған адамның міндетті түрде бір кемшілігі болады. Мінсіз адам жоқ шығар. Сондықтан кемшіліктерін бетіне басқаннан гөрі күліп отырып «жеңуге» тырысыңыз.

       Отбасы болмай тұрып өзіңізден: «Мен осы адаммен кемшіліктеріне қарамай өмір сүре алам ба, осыған көне алам ба?» деп сұраңыз. Қарым- қатынастарыңыз берік болуы үшін бағына білу керек және төзімділік ауадай қажет. Сіз де «мінсіз» емессіз, сондықтан болашақ жартыңыздан да «мінсіздікті» талап ете гөрмеңіз.

     «Жақсы жұбай – жарым бақыт» дейді. Жарыңыз – өмірлік серігіңіз, балаларыңыздың әкесі, анасы. Жақсы жар кезіксін десеңіз, өзіңізді тәрбиелеуге тырысыңыз. Алла баршаңызға адал жар нәсіп еткей! 

 

    Отбасы және әйелдер бөлімі   

Үй болудың сабақтары. 1 - сабақ 
Үй болудың сабақтары.  2-сабақ
Үй болудың сабақтары.3-сабақ
Үй болудың сабақтары. 4-сабақ
Үй болудың сабақтары. 5-сабақ
Үй болудың сабақтары.6-сабақ. "Жар таңдағанда ғашық болу шарт па?"
 
 

Бақытты шаңырақ сырлары. 1- сыр: Ықылас-ниет пен талап
Бақытты шаңырақ сырлары. 2- сыр:  Анық мақсат
Бақытты шаңырақ сырлары. 3-сыр: Жақсы жар таңдау
Бақытты шаңырақ сырлары. 4-сыр: Өзара сыйластық
Бақытты шаңырақ сырлары. 5-сыр: Жақсылықты көре білу
6-сыр: Мен неге міндеттімін

Что даёт мусульманке опыт социальной активности?
Совершенная женщина: мужской взгляд
Всем незамужним мусульманкам посвящается
«Модный» хиджаб? 
Неке 
Некенің шарттары 
Ер адамның отбасындағы міндеттері
Сіз қандай күйеусіз ? (Еркектерге он кеңес)
Мұсылман қыздары сұлулығының құпиясы неде? 
Дінімізде әйелдерге боянуға рұқсат етілген бе?
Әйелдің отбасындағы міндеттері 
Үйлену - Алланың ұлы заңы
Ерлерге қандай әйелдер ұнайды?
Вопросы ритуальной чистоты женщины
Особенности поста Рамадан для женщин: распространенные ошибки, советы на кухне
7 удивительных фактов о Хадидже - жене Пророка Мухаммада (мир ему)
Үйлендің, болды ма?
Медицина мұсылман әйелдерді қолдайды
Аз сөз – алтын…
Фертильные дни - дни возможного зачатия ребенка
10 вещей, которые не делает хороший муж
Мінсіз әйел болудың 10 жолы
Екі жарты бір бүтін
Үйлену де құлшылық
Отбасылық өмірде әйел қандай нәрселерден қашқаны жөн?
Жұмақ ханшайымы хазіреті Хадиша (р.а) анамыз
Жұмақ ханшайымы хазіреті Хадиша (р.а) анамыз. Уарақа ибн Нәуфәл
Жұмақ ханшайымы хазіреті Хадиша (р.а) анамыз. Зубәйр ибн Әууәм
Жарығым (эссе)
Әйелдер туралы
Ізгі ұрпақ сұрап дұға ету
Жарыңыз ашуланбау үшін не істеу керек?
Тәкаппарлықты таста, отбасыңды сақта!
ҚЫЗ БАЛАНЫҢ «ЖИҺАДЫ» ҮЙІНДЕ
Қызды тәрбиелеудегі әкенің рөлі
Бала – бауыр етің
 Жанұя жарасымының сыры неде?

 

 

 

0 пікір