БІРНЕШЕ ТҮРЛІ БОЛУ ҚОЛЫМНАН КЕЛМЕЙДІ...
БІРНЕШЕ ТҮРЛІ БОЛУ ҚОЛЫМНАН КЕЛМЕЙДІ...
29.05.2020 12:14
954
0

Аз уақытта екі-үш күйеуге шығып үлгерген актриса бір күні театрға келіп, тағы да тұрмысқа шыққанын айтса керек. Әріптестері сыпайыгершілік жасап «құтты болсын!» айтады. Тек Серке Қожамқұлов қана томсарған күйі үнсіз қалады.

– Сіз мені неге құттықтамайсыз? – дейді актриса.

– Сені құттықтай-құттықтай тіліміз жауыр болды ғой. Тіл байғұсты қашанғы қинай бермекпіз? – дейді Серағаң.

– Сіз бар ғой, біртүрлі адамсыз осы, – дейді актриса ренжіп.

– Оның рас, біртүрлі адаммын. Бірнеше түрлі болу қолымнан келмейді. Сондықтан да өзің көрген жеңгеңмен әлі келем өзгермей, – деген екен Серағаң сонда күлімсіреп.

Қайырлы күн! Күндеріңіз сəтті өтсін!

 

Бауыржан Алиұлының парақшасынан

0 пікір