Әйелге тән екі жаман қасиет
Әйелге тән екі жаман қасиет
14.11.2019 10:48
19330
0

Сұрақ: Тозақта әйелдердің басым болатындығы, себебі, олардың күйеулеріне қайырсыз, қанағатсыз болатындығы қай хадисте айтылған?

Жауабы:

Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені риуаят етілген:

«Ей, әйел жамағаты, Алла жолына садақа беріңдер және Алладан кешірім тілеп, көп тәубе етіңдер. Өйткені, мен Жәһаннам отында басым көпшілігі әйелдер болғанын көрдім». Әйелдердің бірі одан: «Уа, Алла Елшісі, неге Тозақ мекендеушілерінің көпшілігі әйелдер екен?» - деп сұраған. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жауап берген: «Ауыздарыңнан жаман сөз, лағнет, қарғыс көп шығады және күйеулеріңе қайырсыз, қанағатсызсыңдар».

Имам Муслим бұл хадисті Абдулла ибн Омардан (Алла оларған разы болсын) жеткен үлкен хадистің бір бөлігі ретінде риуаят еткен. (Сахих Муслим, хадис 132)

Имам Бұхари (Алла оны рақымына бөлесін) осыған ұқсас хабарлама риуаят еткен. (Сахих Бұхари, хадис 304)

Ал, ең дұрысы Аллаға мәлім.

 

azan.kz

0 пікір