ӘЙЕЛДІҢ ҚҰРАН МЕН СҮННЕТТЕ АТАЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
ӘЙЕЛДІҢ ҚҰРАН МЕН СҮННЕТТЕ АТАЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
01.03.2021 09:54
561
0

   Ислам тұрғысынан әйел – нәзіктікпен, мейірімділікпен қарым-қатынас жасауды, сыйластық пен түсіністікті қажет ететін Алланың ерекше жаратылысы. Ал Құран мен сүннетте әйелдердің құқықтары мен міндеттері жазылған. Солардың бірқатарына тоқтала кетсек:

1.     Ұрпақ жалғастыру.
       Бұл туралы Қасиетті Құранда: «Уа, адамдар! Шүбәсіз, сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Сондай-ақ, сендерді бір-біріңмен танысып, табысуларың (һәм бір-біріңе қамқоршы дос болып, өзара жәрдемдесіп, тату- тәтті өмір сүрулерің әрі жер бетін көркейтулерің) үшін сан алуан ұлыстар мен руларға бөлдік...» делінген («Хужурат» сүресі, 13-аят).

2.     Алланың бұйрықтарын орындау.
       Әйелдер Жаратушының Қасиетті Кітабы мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетінде аталған барлық бұйрықтарды орындауы тиіс (бес парызды орындау, әурет жерлерді жабу, еріне бойұсыну т.б.).

       «Раббылары олардың дұға-мінәжаттарына былай жауап берді: «Шүбәсіз, Мен мейлі ер, мейлі әйел болсын араларыңнан үнемі осылай игілікті істер істейтіндердің еңбегін зая етпеймін...» («Әли-Имран» сүресі, 195-аят).

3.     Білім алу құқығы.
      Әйелдер оқып, білім алып, белгілі бір мамандық иесі атануға құқылы.

4.     Жеке пікірін айту еркіндігі.
       Ер кісілермен қатар әйелдер де белгілі бір жағдайға өз көзқарасын білдіріп, ойын айта алады. Оған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тұрмыстық қана емес, сонымен қатар мемлекеттік істерде де әйеледерімен кеңескені дәлел бола алады. Сол замандағы әйелдер күйеулеріне әрқашан көмектесіп, отбасылық мәселелерді бірлесіп шешкен, білім алып, қандай да бір істе еріне ақыл қосып кеңесшісі әрі көмекшісі бола білген.

 

0 пікір