ӘЙЕЛДЕР ЖАЙЫНДА Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафаның(с.ғ.с) айтқан мүбәрак сөздері:
ӘЙЕЛДЕР ЖАЙЫНДА Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафаның(с.ғ.с) айтқан мүбәрак сөздері:
06.12.2022 09:35
1016
0

1. Жақсы мінезді әйел - 70 әулиеден жоғары.

2. Жаман мінезді әйел - 1000 жаман мінезді ерден де жаман.

3. Жүкті әйелдің екі ракат намазы - жүкті емес бір әйелдің жетпіс ракат намазынан да қайырлы.

4. Өз баласын емізген әйелге әр жұтым сүті үшін жеке жеке сауап беріледі.

5. Күйеуі үйге шаршап келген кезде әйелі жылы жүзбен «ҚОШ КЕЛДІҢІЗ» деп айтса, жарты жихад (Аллаһ жолында қызмет) сауабы беріледі.

6. Әйелі күйеуіне, күйеуі әйеліне рақымдылықпен және мейірімділікпен қараса Аллаһ Тағала екеуіне де рақымдылықпен қарайды.

7. Күйеуін Аллаһ жолында қызметке шығарып салып, өзі де үйінде әдептілікпен отырған әйел күйеуінен 500 жыл бұрын Жәннатқа кіреді. 70 мың періштенің және хор қыздардың басшысы болады. Жәннат суымен жуынғаннан кейін жақұттан жаратылған аттын үстінде күйеуін қарсы алады.

8. Баласы жылау себебімен түнде ұйықтай алмаған әйелге 20 құл азат еткен сауап беріледі.

9. Аурып қалған баласы себебімен ұйықтай-алмаған және баласын тыныштандыру үшін тырысқан әйелдің Аллаһ Тағала күнәларын кешіреді де он екі жылдық қабыл болынған құлшылық сауабы береді.

10. Әйел "бисмиллаһ" деп қамырын илесе - Аллаһ Тағала ырысына береке береді.

11. Әйел Алланы зікір етіп жүріп үйін тазаласа - Қағбаны тазалағандай сауап алады.

12. Әйел бес уақыт намазын оқып, ар-намысын қорғап, еріне бағынса Жәннаттың қалаған есігенен кіреді!

13. Әйел малдың сүтін "бисмиллаһ" деп сауса, сол мал ол әйел үшін дұға етеді.

14. Еріне бағынбаған әйелдің оқыған намазы басынан төбеге көтерілмейді.

15. Жүкті әйелге күндіз ауыз бекіткен, түнде құлшылық жасаған сауабы беріледі.

16. Жүкті әйел босанғаннан кейін Аллаһ Тағала жетпіс жылдық ораза және құлшылық сауабы жазады. Көрген қиыншылықтарына және әр тамырына келген шаншуына қажылық жасаған сауабы беріледі.

17. Егер әйел босанғаннан кейін қырық күн ішінде қайтыс болса - оған шәһәдәт (шәһиттік) дәреже беріледі.

18. Егер бала түнде оянып, анасы қарғамай оны емізсе, анасына бір жылдық намаз және ораза сауабы беріледі.

19. Бала сүттен шыққаннан кейін аспаннан періште түсіріледі де баласын емізген анаға былай айтады: «Алла саған Жәннатты уәжіп қылды!»

20. Егер әйел, күйеуі өзінен разы болған күйде қайтыс болса - Жәннат оған уәжіп болады.

21. Салиқалы әйел жетпіс ерден жоғары.

22. Орамалына (хиджабына) көңіл бөлген әйелге Жәннатта Алланың арнайы рақымына бөленеді.

23. Жұқа киім киген әйелдер, сәнделіп, әтір сәуіп сыртқа шыққан, сөйтіп бөтен ердің шәһуәтін оятқан әйелдер Жәннатқа кірмек тұрмақ, оның иісін де сезе алмайды.

24. Әйеліне бір мәселені үйреткенге 70 жылдық құлшылық сауабы беріледі!

 

Қуат Қабдолданың парақшасынан

 

0 пікір