7-сыр: Бір-біріңізге ең жақын дос болыңыз
7-сыр: Бір-біріңізге ең жақын дос болыңыз
18.07.2015 17:27
4624
0

 Бүгінде отбасылардың шырқын бұзып жүрген негізгі себептердің бірі – ерлі-зайыптылардың бір-біріне ең жақын дос бола алмауы десек артық айтқандық емес. Жанұялы болса да, өзін жалғыз сезінетін қаншама жандар ортамызда жүр. Отбасын құрған ермен әйелді бір-бірімен байлап, біріктіріп тұратын көзге көрінбес рухани «жіптердің» бірі – олардың арасындағы жақын достық. Кешегі Ғабит Мүсірепов атамыз: «Қазақ әйелін жан жолдасым дейді» деген сөзді тегін айтпаса керек.

Жалғыздық адамды әлсіз, сүйеніш-таянышы жоқ, үмітсіз, шаршаңқы ететін өте қауіпті психологиялық күйлердің бірі. Ердің де, әйелдің де нәр алып, қуат жинайтын құтты мекені отбасы десек, онда ерлі-зайыптылар арасындағы шын достық қатынас ауадай қажет.

Өкінішке қарай, қоғамда жұбайымен дос болуды ұят санайтын жағдайлар кездеседі. Сырттағы адамдарға күнде көрсетіп жүрген достығын өмірлік серігіне қимайды. Содан келіп олардың арасы салқындап, суи бастайды. Ерінен немесе әйелінен жақындық сезбеген адам ол жақындықты сырттан іздей бастайды. Осылайша бірте-бірте шаңырақтың сәні кетіп, іргесі сөгіле бастайды. Ұрыс-керіс пен дөрекі сөздер, қиянат пен  зорлық-зобылықтар бірін-бірі жан жолдасы ретінде сезіне алмаған жанұяларда көбірек байқалады. 

Жолдас жолдастың кемшілігін жасырады. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мынадай бір хадисі бар: «Кімде кім бауырының бір айыбын жасырса, Алла Тағала оның дүниеде және ақиретте кемшіліктерін, айыптарын жасырып қояды». Ал әр пенденің ешкім білмесе екен деп тілейтін қаншама кемшіліктері мен айыптары бар екені түсінікті. Сондықтан жолдастықтың бір сипаты – бір-бірінің айыптарын барынша жасыру.

Ибн Сирин деген ғалым былай деген: «Кәміл адам діндес бауырының бойынан жетпіс кемшілігін көрсе, соның бәріне бір үзір іздейді. Бір үзір тапса, бұл оған бауырының барлық кемшіліктерін ақтап алу үшін жеткілікті болады. Ал егер бірде бір ақтайтындай себеп таба алмаса, бұл бауырымның мен білмейтін бір үзірі болса керек. Болмаса бұлай жасамас еді ғой деп өзін жұбатады». Отбасындағы біздің жағдайымыз да осындай болу керек. Жолдасының болмашы бір кемшілігіне бола ұрысып, үйдің берекесін қшыруға түк те қажеттілік жоқ.

Күнәсы мен кемшілігі жоқ адамды жер бетін жеті рет шарласақ та,  таба алмасымыз анық. Барлық өзекті жан пенде болған соң қателеседі, кемшілік жасайды.  Сондықтан жолдасыңызға кемшіліксіз бол деп талап қоя алмайсыз. 

Жолдас жолдастың сырын сыртқа жаймайды. Екеуара болып жатқан кейбір түсініспеушіліктерді ата-ана, ағайын-туыс, бауырлардың ешқайсына білдірмеген дұрыс. Өйткені ол неғұрлым көп адамға жайылса, соғұрлым оның шешімі де қиындай түседі. 

Жолдас жолдасынан шамасы келмейтін істі талап етпейді.  Ерлі-зайыптылар бір-біріне шамасы жетпейтін талап қоймағаны дұрыс. «Пәленшенің әйелі бүйтеді екен», «түгеншенің күйеуі сүйтеді екен», «сен неге олай етпейсің» деген сөзде ешбір қисын жоқ. Алла Тағала адамның бәрін бірдей етіп жаратпаған. Ол Алланың хикметі. Біреудің кұші көп, білім таяз, енді біреудің қолы шебер болғанмен күш-қуаты аз деген секілді түрлі жағдайлар кездесе береді. Сондықтан жан жолдасыңыздың бойындағы жақсы қасиеттерге қанат еткеніңіз дұрыс. 

Жолдас жолдасына жақсылықты үйретеді. Имам Ажурри деген ғалым өткен. Сол кісі былай дейді:
        «Білетін адам достарын үш топқа бөледі:

  1. Ол өзінен білімді болады. Одан жақсылық үйренетіндей кісі болады;
  2. Өзімен тең болатын жолдастар. Өзімен пікір алмасып, ақылдасатындай кісі болады;
  3. Өзінен төмендеу деңгейлі болады. Оған өзі білетін жақсылықтарды үйретеді.». Отбасымызда да осы талаптар сақталса нұр үстіне нұр.  

Жинақтай айтқанда, кез келген отбасының бақытты ғұмыр кешуінің бір сыры оны құрайтын негізгі екі адамның бір-бірімен ең жақын жолдастай қарым-қатынаста болуында жатыр.

 

  Отбасы және әйелдер бөлімі   

Үй болудың сабақтары. 1 - сабақ 
Үй болудың сабақтары.  2-сабақ
Үй болудың сабақтары.3-сабақ
Үй болудың сабақтары. 4-сабақ
Үй болудың сабақтары. 5-сабақ
Үй болудың сабақтары.6-сабақ. "Жар таңдағанда ғашық болу шарт па?"
    
 

Бақытты шаңырақ сырлары. 1- сыр: Ықылас-ниет пен талап
Бақытты шаңырақ сырлары. 2- сыр:  Анық мақсат
Бақытты шаңырақ сырлары. 3-сыр: Жақсы жар таңдау
Бақытты шаңырақ сырлары. 4-сыр: Өзара сыйластық
Бақытты шаңырақ сырлары. 5-сыр: Жақсылықты көре білу
6-сыр: Мен неге міндеттімін

Что даёт мусульманке опыт социальной активности?
Совершенная женщина: мужской взгляд
Всем незамужним мусульманкам посвящается
«Модный» хиджаб? 
Неке 
Некенің шарттары 
Ер адамның отбасындағы міндеттері
Сіз қандай күйеусіз ? (Еркектерге он кеңес)
Мұсылман қыздары сұлулығының құпиясы неде? 
Дінімізде әйелдерге боянуға рұқсат етілген бе?
Әйелдің отбасындағы міндеттері 
Үйлену - Алланың ұлы заңы
Ерлерге қандай әйелдер ұнайды?
Вопросы ритуальной чистоты женщины
Особенности поста Рамадан для женщин: распространенные ошибки, советы на кухне
7 удивительных фактов о Хадидже - жене Пророка Мухаммада (мир ему)
Үйлендің, болды ма?
Медицина мұсылман әйелдерді қолдайды
Аз сөз – алтын…
Фертильные дни - дни возможного зачатия ребенка
10 вещей, которые не делает хороший муж
Мінсіз әйел болудың 10 жолы
Екі жарты бір бүтін
Үйлену де құлшылық
Отбасылық өмірде әйел қандай нәрселерден қашқаны жөн?
Жұмақ ханшайымы хазіреті Хадиша (р.а) анамыз
Жұмақ ханшайымы хазіреті Хадиша (р.а) анамыз. Уарақа ибн Нәуфәл
Жұмақ ханшайымы хазіреті Хадиша (р.а) анамыз. Зубәйр ибн Әууәм
Жарығым (эссе)
Әйелдер туралы
Ізгі ұрпақ сұрап дұға ету
Жарыңыз ашуланбау үшін не істеу керек?
Тәкаппарлықты таста, отбасыңды сақта!
ҚЫЗ БАЛАНЫҢ «ЖИҺАДЫ» ҮЙІНДЕ
Қызды тәрбиелеудегі әкенің рөлі
Бала – бауыр етің
Жанұя жарасымының сыры неде?

Болашақ жарды қалай таңдау керек?
Мұсылман әйел қандай болу керек? Ол – көркем мінезді
Жақсы әйел мына 5 нәрсені жасамайды:
Екі отбасы
Тезірек тұрмысқа шыққыңыз келсе...

 

 

 

0 пікір