Мәуліт айында шәкірттер емтихан тапсырды (ФОТО)
Мәуліт айында шәкірттер емтихан тапсырды (ФОТО)
30.12.2016 15:59
670
0

Желтоқсан айының 25 жұлдызында Павлодарлық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің әйелдер жамағаты ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)-тің туған айына арналған Мәуліт мерекесін атап өтті.  

Мешіттің ұстазы Жұлдыз Қажуева «Бүкіл әлемге қамқорлық ретінде жіберілген Пайғамбар Мұхаммед» атты дәріс оқыды, курс тыңдаушылары Алланың Елшісі (с.ғ.с.) туралы өлеңдер мен салауаттар, Қасиетті Құранның сүрелерін оқыды. 

Іс-шара барысында Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірі туралы сұрақтар қойылып, білім жарысы өткізілді.  Ең белсенді қатысушыларға жүлделер мен сыйлықтар табыс етілді. Іс-шара мерекелік дастархан басында жалғасты. «Сүйікті Пайғамбарымыздың өмірін насихаттау мақсатында осындай іс-шараларды жиі өткізіп отыру керек», - дейді Жұлдыз ұстаз.

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінң діни сауат ашу курсының әйел  шәкірттері 1-кезеңнің емтиханы Мәуліт айының уақытына тұспа-тұс келді. Емтиханға жалпы 26 шәкірт қатысты. Тыңдаушылар емтихан барысында қазақ және орыс тілдерінде бағдарлама бойынша ақыда, ғибадат, араб тілі пәндерінен сұрақтарға жауап берді. 

0 пікір