Бас мүфти имамдарға білімін арттыру курсының куәлігін табыстады (ФОТО)
Бас мүфти имамдарға білімін арттыру курсының куәлігін табыстады (ФОТО)
29.05.2015 08:17
761
0

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында екі ай дәріс тыңдап, өз білімдерін жан-жақты жетілдірген имамдарға арнайы куәлік табыстады.

«Қазіргі уақытта имамдардың білім деңгейінің жоғары болуы өте маңызды. Бұл заман талабы. Шариғат таза бұлақ тәрізді болса, оның бастауы – мешіт. Сол үшін де мешіт имамының жан-жақты білімді болғаны жөн. Имам рухани ұстаз ретінде үлкендерді де, жастарды да өзіне баурай білетін қабілетті болуы керек. Сондықтан, Ислам институына «шешендік өнер» пәнін енгізіп, білім беру жүйесін жетілдіру үстіндеміз», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Еліміздің әр облысынан келген 67 дін қызметкері екі айлық курс барысында фикһ, ақида, халал стандарттау бойынша білікті мамандардан дәріс алды.

ҚМДБ-ның баспасөз қызметі
muftyat.kz

 

 

0 пікір