Зекет-намаздың сыңары!
Зекет-намаздың сыңары!
04.12.2018 10:25
498
0

Зекет – Алла Тағаланың Кітабында намаздың сыңары болып келген. Сонымен бірге жылылық пен мейірімнің, ынтымақ пен ақниеттіліктің, жүректерді біріктірудің, кіріптарлықты жоюдың, жалпы үмбеттің мүдделерін өтеудің бір көркем мысалы.

Осыған орай қалалық «Ақмешіт» мешіті соңғы бір ай ішінде зекет жинау мен оны мұқтажды жандарға тарату жұмыстарымен белсенді айналысуда. Аталмыш мешіттің бас имамы Нұрлан Евфратұлы Павлодар қала және ауданына қарасты жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізіліп зекеттің маңыздылығы мен пайдасы жайында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. Жергілікті жеке шаруа қожалықтарының көмегімен «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжіне, қарилар орталығына және студенттер жатақханасына 10 қой және бір қара мал берілді. Сонымен қатар Ақсу қаласына және Ақтоғай ауданына қарасты ауылдардағы 8 мұқтажды отбасыларына 18 тонна көмір мен отын таратылды.

 

 

0 пікір