Зекет және Медресе туралы билбордтар орнатылды
Зекет және Медресе туралы билбордтар орнатылды
22.05.2019 18:41
1260
0

Орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті Павлодар қаласы  әкімдігімен бірлесіп ҚМДБ «Зекет» корпоративтік  қайырымдылық қоры және Павлодардағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне дене шынықтыру-спорт залын салу туралы жарнамалаған билбордтарды  Павлодар қаласының  Естай және Пахомов көшелерінің қиылысына 2 жерге  орналастырды.

  Зекет туралы  билбордта «Мал дүниеңізге Алла Тағала берекет берсін!» деп жазылып, зекетке қатысты сұрақтар болса Қайырбаев-107 –де орналасқан орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітіне хабарласуды ескертіп, «Зекет» қорының вебсайты және  байланыс нөмірлері көрсетілген.

Ал «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі туралы билбордта аталмыш мекеменің  ғимараттары бейнеленіп:  «Ұрпақтарымызды имандылыққа тәрбиелеп жатқан медресемізге көмек көрсетейік!»: «Болашақ спорт залы-осы жерге қадасы қағылды»-деп жазылып байланыс нөмірлері,  мекенжайы жазылған.

 Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

0 пікір