«Ысқақ хазірет» мешіті қарттарға құрмет көрсетті
«Ысқақ хазірет» мешіті қарттарға құрмет көрсетті
03.10.2019 11:27
397
0

Ленин кентіндегі «Ысқақ хазірет» мешітінің молдасы Қайрат қажы Денденұлы Павлодар ауданына қарасты мешіттердің қызметкерлеріне арнайы табиғат аясында жоспардан тыс демалыс ұйымдастырды. Кеңінен дастархан жайылып, спорттық ойындар өткізілді.

Үлкенді сыйлау, оларға құрметпен қарау қазақтың салт-дәстүрімен біте қайнасқан қағида. Осы орайда, Ленин кентінің әкімі Маржан Қадырқызы мен мешіт молдасы Қайрат қажы Денденұлы ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты апаларды қарттар күнімен құттықтап, дастархан жайып, азын-аулақ сый-сияпат көрсетті.

«Халықтың қартын сыйлауы – елінің салтын сыйлауы!»деген сөз бар. Осы ескере отырып қариялар күніне орай Ленин кенті әкімінің қолдауымен мешіт асханасында ардақты аталар мен асыл апаларға ақ дастархан жайылып, сыйлықтар таратылды.

«Ысқақ хазірет» мешіті

0 пікір