Волейболдан турнир өтті
Волейболдан турнир өтті
27.01.2020 11:33
263
0

Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің Жастар ісі секторы ұйымдастыруымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына «30 жыл»  толуына орай  қалалық мешіттер жамағаттары арасында волейболдан турнир өткізді. Аталған жарысқа қала мешіттерінен 7 команда қатысты.

Командалар арасындағы тартыста өткен сайыста «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің командасы 1-ші орын, «Умар әл-Фаруқ» мешіті жамағаты 2-ші орын, және де қалалық «Ғазиз» мешітінің жамағаты 3-ші орынды жеңіп алды. Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің Жастар ісі секторының меңгерушісі Біржан Бахытұлы жеңімпаздарды арнайы дипломдармен марапаттады.

0 пікір