«ҮЗДІК ИМАМ» БӘЙГЕСІ
«ҮЗДІК ИМАМ»  БӘЙГЕСІ
01.08.2018 03:58
349
0

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ҚАЛА,  АУДАН, АУЫЛ МЕШІТІ ИМАМДАРЫ АРАСЫНДА ЖАРИЯЛАНҒАН  «ҮЗДІК ИМАМ»  БӘЙГЕСІНІҢ ЕРЕЖЕСІ

Ұйымдастырушы: ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі, облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті.

Мақсаты: - Қала, аудан, ауыл имамдарының жауапкершілігін арттыру, аталмыш деңгейлердегі мешіт жұмыстарының нақты нәтижелерге қол жеткізу мүмкіншіліктерін арттыру.

- Қала, аудан, ауыл имамдарының атқарып жатқан қызметтерінің нәтижесін бағалау, өзара бәсекелестікке шақыру, оларды ынталандыру.

Жүргізілетін уақыты:2018 жылдың 01-тамызынан 01 қараша айына дейін.

Бәйгеге қатысушылар: - Бәйгеге облыс көлеміндегі қала және аудан, ауыл мешіттерінің имамдары қатысады.

Бәйге талаптары:- Байқау ережесінде көрсетілген талаптардың орындалуы нақты істері арқылы мешіттердің орналасқан жерлерінде тексеріледі, атқарылып жатқан барлық жұмыстар pvl.mazhab@mail.ru  поштасына келіп түскен мәліметтер арқылы бағаланып отырады. Сонымен қатар имамдардың атқарған барлық іс – шараларын облыстық орталық мешітінде арнайы құрылған комиссия мүшелері тексеріп, қадағалап отырады.

 

БӘЙГЕ ТӨМЕНДЕГІ АТАЛЫМДАР БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕДІ:

1.БАСҚАРУ-БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША.

- Әр ай сайын ауыл мешіті имамдары, қызметші молдалардың, ұжымның жиналысын өткізіп, айлық жұмыстарының есебін тыңдап, бағыт беріп, нақты іс-шаралар ұйымдастыру, ауыл мешіттерінің жұмысына қорытынды жасап отыру. (Бұл атқарылған жұмыстарды құжаттармен қатар фото суреттер арқылы дәлелденіп іс қағазға тігіліп, облыстық сайтқа мәліметтері уақытылы келтіріліп, дәлелдеп отыру)

- ҚМДБ-ның облыстық өкілдігінде көрсетілген кесте бойынша онлайн-бейне бақылау арқылы аудан имамдарының тұрақты есеп беріп, өз іс-қызметтеріне қорытынды жасап отыру.

- Қазақстан Республикасы Конституциясы және қолданыстағы дін туралы заң, басқадай құқықтық актілерден хабардар болу. (Ескерту «бұл бөлімшенің бағасы жыл аяғында қорытылады»)

-Апталық есепті уақытында, толық, сапалы түрде жасап келтіріп тұру

 

2.ОҚУ-АҒАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША.

- Қала, аудан мешітінің жанынан «Діни сауат ашу курсын» ұйымдастырып жыл бойы үздіксіз жүргізу. Онда оқитын шәкірттер санын 100-ге жеткізу. Шәкірттер үшін арнайы журнал арналып, журналға оқушының аты-жөнін, сабақ уақыты, өткізілген тақырыптарды тіркеп, шәкірттердің сабақ үстінде отырған бір суретімен қоса әр айсайын орталық баспасөзге тапсырып отыру шарт. Ең маңыздысы сауат ашу курсына қатысып жүрген шәкірттердің ішінен жыл аяғында «Нұр Мубарак» қазақ-египет ислам  университетіне, және «Әбу Бәкір сыддық» медресесіне,  «Мәшһүр Жүсіп» Құран жаттау орталығына» дайындап жіберген шәкірттер саны. (Ескерту: Шәкірт мәселесінде аудан мешіттеріне ауыл мешіттеріндегі шәкірттер саны қоса есептеледі. Ал қала мешіттеріне ауыл мешіттерінің шәкірттері қосылып есептелмейді. Екібастұз, Ақсу, «Ақмешіт», «Ғазиз», «Бижан», «Әбубәкір Сыддық», «Умар әл-фарух» Павлодар қалалық мешіттері қала мешіті болып есептеледі, ал Майқайың, Солнечный, Кенжекөл, Павлодарский, Ленин кенті мешіттері аудан мешітінің қатарында болады).

- Облыстық орталық мешіттен арнайы ұйымдастыратын пікірталастарға қатысып, аудан деңгейінде ауыл имамдары арасында, арнайы жоспар бойынша  имамдар арасында өткізілген жиналыстарға белсенді қатысу.

- Мектеп оқушылары арасына жазғы сауат ашу курсын  ұйымдастыру. (Курске ауыл мешітінде  кем дегенде 7 – 10 күн арасында ұйымдастырылып, ең азы 5-10 шәкірт, ал аудан орталығындағы мешітте 15-20 шәкірт қамтылуы шарт. Курстың  ұйымдастырылғаны туралы аудандық газеттерге жариялануы тиіс)

- Мешіт ішінен кітапхана ашу. Оны ҚМДБ – ның сараптамасынан өткен кітаптарымен жабдықтау.

- Мешіттің ішіне діни ақпараттық тақтайшасын іліп, (стенд) діни – рухани ақпараттармен тұрақты жаңартып отыру.

 

3.УАҒЫЗ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША.

- ҚМДБ-ның «Ислам және Өркениет» газеті және «Иман» журналына және облыстық Mazhab.kz - сайтына жыл бойы кем дегенде 3-5 рухани-танымдық мақалалар жазу. Бұл газет журналдар әрбір ауыл мешіттеріне толық жеткізіліп, ауыл жамағаттарының қолданысында болуы, басылымдарға ауыл, аудан тұрғындары да пошта арқылы көптеп жазылған болу.

- Облыстық және аудан аралық деңгейде өтетін ғылыми-теориялық конференцияларға белсене қатысып баяндама жасау.

-Қала, аудан көлемінде түрлі деңгейде «дөңгелек үстелдер» әр тоқсан сайын 1 рет ұйымдстыру.

- Облыстық және аудандық деңгейдегі мәдени - рухани іс-шараларға өзі және шәкірттері белсене қатысу.

- Қала, аудан көлемінде ауыл имамдар мен молдаларының жиналыстарын ұйымдастырып, олардың біліктілігін арттыру мақсатында семинар ұйымдастыру.

- Мүфтияттан бекітілген  жұма уағызының тақырабына кем дегенде А 4 форматында 1 парақтық уағыз жазып, орталық мешіттің электронды поштасына жолдап отыру. Бұл уағызды аптаның жұма күніне дейін жеткізу шарт.

- Жергілікті газетке әр ай сайын бір мақала жазу және атқарылған іс – шаралар жөнінде газетке мәлімет беріп отыру. Және сол газетті немесе көшірмесін орталық баспасөз қызметкеріне тапсыру.

-Осы арқылы жат ағым жетегіне ерген жамағатты болдырмау

 

4. ДІНИ РӘСІМДЕР БОЙЫНША

- Мәуліт мерекесі, қасиетті Рамазан айы, Құрбан айт мерекелерін жоғары деңгейде қарсы алып, басқа мешіттерден ерекшеленетін рухани және әлеуметтік жұмыстар ұйымдастыру.

- Жергілікті әкімдікпен  бірлесе отырып кем дегенде тоқсанына бір рет әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларын анықтап, оларға әр түрлі деңгейде қайырымдылық көмек көрсету. Бұл шараға жанашыр демеушілерді жұмылдыру.

 

5.ҚҰРЫЛЫС, ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША

- Әр мешіттің құжаттарының түгел болуы.

- Мешіттің ішкі сыртқы тазалығы, Мешіт ғимаратының күрделі және ағымдық жөндеулерден өткізу.

- Мешіт әжетханасы таза және жуынатын дәретханасы заманауи құрылғылар орнатылған (жылы су, су құбыры, крайниктер орнатылған ыңғайлы шүмектер, отырып жуынатын орындықтар т.б.) болуы міндет.

- Мешіт ауласына ағаш, гүл отырғызып көгалдандыру және оған күтім жасау.

 

ҚОРЫТЫНДЫ:

Бәйге қорытындысы арнайы бекітілген ережеге сай 2018 жылы қараша айының 05-не дейін шығарылады. Қорытынды кезеңде мешіттердің  жылдың алғашқы 8 айында  атқарылған барлық жұмыстарының  нәтижесі де толық қамтылады.

Бас жүлде-3. «Үздік имам- 2018» атағы, арнайы медаль-куәлігімен, умра қажылығына жолдама .

Алғашқы үш орын иеленген мешіттердің бас имамдары, наиб имамдары, ұстаздар мен азаншылары да арнайы марапатталады.

0 пікір