ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
13.05.2022 16:34
239
0

 Танымал дін насихатшысы, қари  Қайрулла Демирдағ ұстаз Павлодар облысында қонақта болды. Ол 2001-2005  жылдары  Павлодар орталық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінде ұстаздық қызмет еткен жылдары бүгінде облыс мешіттерінде табысты  еңбек етіп жүрген көптеген имам молдалардың және  тұрақты да белсенді жамағаттың діни сауатын ашу, оларға Құранды жүзінен оқып үйренуіне, Құран тәпсірі, фиқһ ілімдерін дұрыс меңгеруіне, имандылық тәлім-тәрбие алуына  зор үлесін қосқан еді.

Бүгінгі қасиетті жұма күні облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы жамағат алдында ұстаздың еңбегі туралы атап өтіп, ұлттық дәстүрімізге  иығына шапан жауып қошемет көрсетті.

 

0 пікір