ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
08.09.2020 11:04
364
0

ҚМДБ-ның Павлодар облысы өкілдігініе қарасты   Мәшһүр Жүсіп атындағы «Қарилар даярлау орталығы» 2016 жылдан жеке шаңырақ  көтеріп, еліміздің әр түкпірінен келген  ынталы жастарға  Құран жаттатып, қасиетті сүрелердің тәпсірінен білім  беруде.

Мұнда Құран жаттау дәрісі күнделікті жүргізіледі. Шәкірттердің арасында арнайы діни білімі бар тәрбиеші ұстаздар  қызмет атқаруда. Осы орталыққа 2017 жылы бауырлас Түркия мемлекетінен ҚМДБ-сы арқылы арнайы келісім бойынша келген қари ұстаз Харун Аяз шәкіттерге ілім беріп, тәрбиелеп, қасиетті  Құран  Кәрімді  жаттатып үйретуде көп еңбек сіңірді.  Ұстаз Харун Аяздың келісім уақыты аяқталып еліне қайтуына байланысты  облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы ұстаз Харун Аязға облыс мұсылмандарының ризашылығын жеткізіп, алғыс хат беріп, қазақ дәстүрімен шапан кигізіп шығарып салды.

Осы орайда айта кетсек, екі қабат ғимаратқа орналасқан «Қарилер даярлау орталығында» бір мезгілде 20 шәкірт қабылдайтын төсек орнымен толық қамтылған  5 бөлме, дәрісханалар  және намаз оқитын орны бар. Мәдениетті дәретханалар мен жуынатын бөлмелер толық жабдықталған. Шәкірт балаларының жағдайына, оқуына танысу үшін алыстан келетін ата-аналарды қабылдайтын қонақ бөлмелері бар. Шәкірттерге жатақхана, күнделікті 3-4 мезгіл тамақ тегін.

0 пікір