ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ-ДІНГЕ ҚҰРМЕТ!
ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ-ДІНГЕ ҚҰРМЕТ!
10.02.2019 15:55
709
0

Жас өрендерді  қасиетті дінімізбен сусындату, оларды имандылық тәрбиеге баулу ордасы болған Павлодар қаласындағы  «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде басшылық-ұстаздық қызметті   көп жылдар бойы атқарып келген Аршабаев Серікбол ұстаз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қызметке ауысуына орай әріптестері мен қала, аудан, ауыл мешіті имамдары, шәкірттері  жаңа қызметіне табыс тілеп, арнайы  дастархан жайды.

Дастархан басында өкіл имам Жолдас Қоспақұлы Серікбол ұстазға: «Сіздің  медресе шәкірттерін  қасиетті дінімізбен сусындату, оларды имандылық тәрбиеге баулу  ісінде ерекше еңбек сіңіргеніңізді жақсы білеміз, жоғары бағалаймыз.  Сіз  Алла Тағаланың  ризашылығы үшін білім беру жолында жолында аянбай тер төгіп, медресенің қызметін өз деңгейіне көтердіңіз.»,-дей келе ҚМДБ-ның Павлодар облысы өкілдігінің атынан алғыс хат тапсырып, сый-сияпаттар көрсетті.

Өкіл имамнан кейін  сөз алған әріптестері мен имамдар да  ұстаздың алдағы өмір белестеріне сәттілік тілеп, қажырлы еңбегі арқылы өңірімізде дін қызметіне қосқан үлесі  үшін  облысымыздың бүкіл мұсылмандары атынан алғыстарын айтып, сыйлықтар ұсынып, бата тілектерін жасады.

Өз кезегінде ұстаз  Серікбол Тілегенұлы да игі тілектерін айтты. Дастархан соңы алқалы баталарға ұласып тарқады.  

Өзінің  қарапайымдылы, біліміз, іскерлік қабілетіңіз арқылы  хақ дініміз үшін шынайы ниетпен қызмет атқарып,  шәкірттеріңіз және ұжымыңыздың көңілінен шығып, олардың құрметіне бөленген ұстазға алғысымыз зор!

 

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

 

 

 

 

0 пікір