Успен ауданында облыстық турнир жалғасты
Успен ауданында облыстық турнир жалғасты
03.07.2019 13:08
1390
0

Биылғы Екібастұз қаласындағы мешіт жамағаты арасында басталған шағын футбол турнирі Успен ауданында өз жалғасын тапты. Турнирді  маусым айының 30 күні Успен ауданы  мешіті және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды. Жарысқа қала, аудан мешіттері  14 команда жасақтап қатыстырды. Айтарлық шараның нәтижелі өтуіне   Наукенов Ғадыл, Абзалов Сейтенәлі, Сейтказинов Төлеген және Касенов Ерлан қатарлы  ауданның белсенді азаматтары  қол үшін беріп, демеушілік жасады. Турнирдің мақсаты мешіт жамағатының ауызбіршілікгін  арттыру және жастарға салауатты өмір салтын насихаттау.

Ислам діні – мұсылмандарды рухани жағынан да дене-тән жағынан да қуатты болуды тәрбиелейді. Өйткені, Пайғамбар(с.ғ.с)-ымыз айтқандай «Қуатты мүмін Аллаға, әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек». Спорт – адам баласының денесін қуаттылыққа, шыдамдылыққа қалай шынықтыратын болса, рухани жағынан да өз нәпсісін жеңуге, өз денесін өзіне бағындыруға үйретеді. Сонымен қатар кішіпейілді, кешірімді болуға,сәттіліктермен жеңілістерді қарапайым қабылдап, тәкаппарланбауды үйретеді. Спорт арқылы ислам дінімізді насихаттаудың да бір жолы. Осыған көз жеткізген ойынға қатысушылар Теренкөл ауданынан келген Антон деген орыс азаматының  тілін кәлимаға келтіріп, мұсылман атанғанына куә болды.

Турнир басында Успен ауданының бас имамы Мусин Дархан келген командаларға ойынның сәтті болуын тіледі. Ойынға келген командалар өзара ауызбіршілігін және өз шеберліктерін көрсете білді. Ойынның соныңда «Үздік қақпашы», «Үздік нәтижелі ойыншы» және «Үздік ойыншы» аталымдар бойыншы ойыншылар аңықталып алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Ал, ойынның финалына жеткен командалар жайында айтатын болсақ, Майқайын мешітінің «Металлург» командасы мен Успен мешітінің командаларының ойынның нәтижесінде, 3-орынға Майқайын мешітінің «Металлург» командасы ие болды. Келесі Ақтоғай ауданының «Жандарбек» мешітінің командасы мен Павлодар қалалық «Ғазиз» мешітінің командаларының ойыны 2-2 тең түсіп, ойынның жеңімпаздары кезекті доп(пеналти) соғу арқылы аңықталды. Пенальтидің  нәтижесі 2-0 болды. 2-орын «Ғазиз» мешітінің командасы, ал жүлделі 1-орынды Ақтоғай ауданы «Жандарбек» мешітінің командасы иеленді.

Турнирдін жеңімпаздары алғыс хаттармен қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Ақтоғай ауданы турнирдін кубогіне ие болды.

 

 

Успен аудандық мешіті

0 пікір