«Үшқоңыр» медресесі талапкерлерді оқуға қабылдайды!
«Үшқоңыр» медресесі талапкерлерді оқуға қабылдайды!
25.06.2015 13:20
4354
0

2015-2016 оқу жылдарына Алматы облысы , Қарасай  ауданында орналасқан арнаулы орта білім беру мақсатында ашылған медресеге оқуға түсемін дейтін талапкерлерге тамыз айының 10-20 аралығында емтихан болады.

Қазіргі таңда оқуға түсуге қажетті құжаттар қабылданып, дайындық курсы жүріп жатыр. Келіп оқимын деушілерге есік ашық.

Медресенің оқу жүйесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығымен жүргізіледі.

Оқу түрі - күндізгі
Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай

Бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Мемлекеттік лицензиясы: № KZ56LAA00004625
Медресе оқу ғимаратында кітапхана, компьютер сыныбы, лекциялық аудиториялар, асхана,заманауи үлгідегі футбол алаңы, жатақхана және басқа да материалдық базасымен толық қамтамасыз етілген. Медреседе жоғары тәжрибелі исламтанушы мамандармен бірге медресе қабырғасында бірнеше жылдық іс-тәжрибесі бар оқытушылар дәріс береді. Олардың ішінде шетелден шақырылған арнайы мамандар да бар.

Медресе шәкірттері емтихан нәтижесі бойынша қабылданады.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі:

- Медресе директоры атына өтініш;
- Жергілікті имамдардың берген ұсынысы;
- Өмірбаян;
- Орта білім беру туралы аттестат (түпнұсқасы) ;
- 086 үлгідегі дәрігерлік анықтама + (флюрография) ;
- 63 үлгідегі анықтама ;
- Психодиспансерден анықтама ;
- Наркодиспансерден анықтама ;
- Көлемі 3*4 сурет (6 дана) 4*6 сурет (1 дана) ;
- Жеке куәліктің көшірмесі ;
- Әскери билет немесе әскерге шақыру туралы куәлігі ;
- Тұрғылықты жерден анықтама ;
- Сотталмағандығы  жөнінде анықтама ;

Мекен жайымыз: Алматы облысы , Қарасай  ауданы,Үшқоңыр ауылы, Жібек жолы 164.
Облыстық Қарасай батыр мешітінің жаны.
Байланыс тел: 8 (72771)5 60 12 ; +7 701 603 11 28 ; + 7 775  237 81 17, +7 747 509 8193

0 пікір