ҮШ ЖҮЗ ЕЛУ БЕТПЕРДЕ ҮЛЕСТІРІЛІП, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ
ҮШ ЖҮЗ ЕЛУ  БЕТПЕРДЕ ҮЛЕСТІРІЛІП, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ
24.03.2020 11:16
308
0

 Имани бірлік - жүректер бірлігінде, ол қоғамдық бірлікке ұласады. Аллаға иман келтірген мұсылмандар бір үйдің балаларындай бір-біріне бауыр болып, ортақ мақсат төңірегінде топтасып атқарған шарасын Ұлы Алла қабыл етсін деп тілейді. Алла Елшісі: «Алла үшін адамдардың ең сүйіктісі-адамдарға пайдалы болғаны» дей келе, «Көршісі aш отырып, өзі тоқ болған кісінің мұсылман болмайтынын»,-  ескерткен.  Сондықтан да облыстық «Мәшһүр  Жүсіп» мешітінің  әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен  мешіт қызметшілері  және  әйел жамағатының «Ықылас еріктілер тобының» көмегімен  елімізде covid-19  індеттің таралуының  алдын алу үшін көп қолданбалы 350-дей  бетперде (маска) тігіліп, адамдар көп шоғырланатын  вокзал мен базарда халыққа үлестірдік.  Сонымен қатар З. есімді жалғызбасты қарт, зағип апамызға кіржуғыш машинасы және  азық-түлік  алып бердік  дейді «Әйел-қыздар секторының» басшысы, ұстаз Тілеу Нұрила Бағланқызы.

0 пікір