Үндістер азайып, мұсылмандар көбеюде
Үндістер азайып, мұсылмандар көбеюде
29.08.2015 15:15
1726
0

Үндістанда халық санағы нәтижесі жарияланды. Зерттеу қорытындысы елде мұсылман үмметінің көбейгенін көрсетуде. Өсу көлемі 0.8%.  Үндістанның ірі штаттарында мұсылман халқы айтарлықтай өскен.

Бүгіне елдегі мұсылмандардың саны жалпы халықтың 14.2% құрап отыр. Үндістан жерінде Ислам дінінің таралуы баяу болғанымен, мұсылмандардың саны үздіксіз өсіп келеді. Мәселен, 2001 жылы мұсылмандардың саны 13.4% құраған болатын.

Үндістандағы жалпы халықтың саны 1,2 млр болса, оның 176 млн мұсылмандар. Бұл әлем бойынша мұсылмандар көп шоғырланған екінші ел. Бірінші орында Индонезия республикасы тұр.

Ал елдегі үндістер саны жыл санап кеміп бара жатыр. Бүгінде олардың саны жалпы халықтың 79.8%-ын құрайды. Христиан қауымы тұрақты 2.3% көрсеткіште. Сиқхтар – 1,7%, буддистер -0.7%. 

ummet.kz-ақпарат

 

0 пікір