«Умар әл-Фаруқ» мешітінің жаңалығы
«Умар әл-Фаруқ» мешітінің жаңалығы
13.12.2018 08:51
1500
0

«Умар әл-Фаруқ» мешітінің әйелдер жамағаты Мәуліт  мерекесін атап өтті.

Мәуліт мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға шақырылған қонақтар Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) - тің  өмірбаянымен танысты. Сүйікті Пайғамбар (с.ғ.с) - ымызға арнап барлық қатысушылар  салауаттар айтты. Жазғы сауат ашу курстарында оқыған жас шәкірттер Алла Елшісіне(с.ғ.с) өлеңдер арнады. «Пайғамбар сүнеттері», «Шөлге түскен нұрдың сәулелері» атты Қазақстан мұсылманадар діни басқармасы ұсынған бейнебаяндарды тамашалады. Алла Тағаланың 99 есімін әндетіп шырқады. Көрермеңдер арасына Пайғамбар (с.ғ.с) өмірінен сұрақ-жауап викторинасы жүргізілді. Дұрыс жауап қайтарған қатысушыларға ҚМДБ-ның сараптамасынан өткен діни-танымдық кітаптар сыйға тартылды. Белсенді қатысқан шәкірттер алғыс хатпен марапатталды.

Ақ жаулықты апалар отырыста дұға-баталарын беріп, шын жүректен шыққан қуанышты алғыс сезімдерін білдіріп тарқады.

 

 

«Умар әл-Фаруқ» мешіті

0 пікір