«Умар әл-Фаруқ» мешітінің әйел-қыздар жамағаты
«Умар әл-Фаруқ» мешітінің әйел-қыздар жамағаты
25.04.2019 13:55
1825
0

«Умар әл-Фаруқ» мешіті қасиетті рамазан айының қарсанындаәйел-қыздар секторы ұстазының бастауымен жамағатқа және шақырылған әйел қауымына «Намаз оқып үйренейік»мастер-классы ұйымдастырылды. Мастер-класс өткізудің мақсатыниет етіп жүрген әйелдерге намаз оқудың маңызын, тарихын, Ханафи мазхабы бойынша оқу тәртібін үйретіп көрсету. Қатысушылар қатарынан қойылған қосымша сұрақтарға жауап берілді.Сонымен қатар бекітілмеген сүннет пен нәпіл намаздарыжайлы сөз қозғалды.

Әйел-қыздар секторының ұстазы «Намаз оқып үйренейік» атты өз қолынан жасалған буклет пен арнайы намаз кітапшаларын әйелдерге қолау үшін таратылды.

Буклетте дәрет алу үлгісі, қысқа сүрелер, намазды оқудың тәртібі және Ханафи мазһабының ұстамдары толықтай қамтылған. Біздің мақсатымыз халыққа  Исламның екінші шарты намаздың маңызын түсіндіру. Алла Тағаланың бұйрығын міндетті түрде орындалуын насихаттау.

 

 

 

Қалалық «Умар әл-Фаруқ» мешіті

0 пікір