«Умар әл-Фаруқ» мешітіндегі мәнді де мазмұнды кездесу
«Умар әл-Фаруқ» мешітіндегі мәнді де мазмұнды кездесу
16.10.2019 10:08
435
0

Павлодар қалалық «Умар әл-Фаруқ» мешітінде сауат-ашу курсының шәкірттеріне арналған «Құран оқудың артықшылығы мен сауабы» атты семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – шәкірттерге Құран оқуға деген ықыластарын және Алла Тағалаға жақындауға деген құлшыныстарын арттыру. Семинарға «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің ұстаздары Ақерке Тұрғынбай мен Жадыра Бертымұратова арнайы шақыртылды.

Кездесуді «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің ұстазы Жадыра Бертымұратова Қасиетті Құранды оқумен бастады. «Умар әл-Фаруқ» мешітінің ұстазы Балтабаева Баян, яғни осы жолдардың авторы Құран оқудың екі дүниеде беретін пайдасы мен сауабы жайында уағыз-насихат жүргізді. Ал «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің ұстазы Ақерке Тұрғанбай исламдағы білімнің орнын және Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінің маңыздылығын насихаттады.

Түркиядан Қасиетті Құранды толықтай жаттап келген хафиза ұстаз Жадыра Бертымұратова кездесуді ары қарай Құран жаттау барысында өз басынан өткізген қиыншылықтар мен жақсылықтар туралы айтып, Құран жаттаудың берген пайдасы туралы көпшілікпен ой бөлісті.

Уағыз-насихаттан кейін келген жамағатқа дастархан жайылды. Ақ жаулықты аналарымыз баталарын беріп, жақсы әсер алғандарын айтып, алғыстарын жаудырды. Келген жамағат жақсы көңіл-күйде, ризашылықтарын білдіріп, тарқасты.

Баян БАЛТАБАЕВА,

«Умар әл-Фаруқ» мешітінің ұстазы.

0 пікір