«Умар әл-Фаруқ» мешіті Рамазан айы қарсаңында
«Умар әл-Фаруқ» мешіті Рамазан айы қарсаңында
17.05.2019 16:47
1208
0

Қалалық «Умар әл-Фаруқ» мешітінің бас  имамы Совет Есімбек осы күндері  Ленинский кенті «Ысқақ хазрет» мешітінде жергілікті ақпараттық насихат тобы арқылы уағыз айтты. Оған 70 адамдай қатысты.  Ал мешіттің найб имамы әрі осы мешіттің Зекет және қайырылымдылық қорының өкілі  Мақсат Талғатұлы Зекет қайырымдылық қоры жәшіктерін қалалық  дүкендерге орналастырып, тарауых намазына келген жамағатқа тұрақты уағыз айтуда. Сонымен қатар мешіт ұжымы  Павлодар қаласының Нұр-Сұлтан даңғылығының 286 үйінде орналасқан «Балалар үйі»-нде тұрып жатқан 60 балаға 30 мың теңге көлемінде азық-түлікпен  қайырымдылық жасады.  Мешіт азаншы Бейсембаев Мади «2019-Жастар жылы» аясында жоғары сыныптағы мектеп оқушылары арасына  футбол ойынын өткізді.   

«Умар әл-Фаруқ» мешітінің  ұстазы Гульмира Қожахметқызы мешітке келіп жүрген әйелдер жамағатына Рамазан айының артықшылығы турасында сұхбатты тұрақты өткізуде. Мешітіміздің тұрақты жамағаты Сагиндыков Ерболат қасапшылық халал сертификатын алды.

 

0 пікір