ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ ХАТЫМ ҚҰРАН ОҚЫЛЫП, ДҰҒА ЖАСАЛДЫ
ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ ХАТЫМ ҚҰРАН ОҚЫЛЫП, ДҰҒА ЖАСАЛДЫ
13.07.2020 13:34
330
0

Мемлекет басшысының шешімімен 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу ­– Ұлттық аза тұту күні болып жарияланғаны баршамызға мәлім.

ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен  мезгілсіз қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, осы індеттен қаза болған барша мұсылманның рухына бағыштап  30 пара Құранды толығымен аударып оқыған  Павлодарлық имамдар 13-шілде -Ұлттық аза тұту күні орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітіне басқосып, хатым Құран оқып, арнайы дұға бағыштап, Алладан медет-жәрдем, жеңілдік, рақым тіледі. Сонымен қатар жұқпалы індеттен қайтыс болған азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы: «Бүгінде ел халқы аса күрделі ахуалмен бетпе-бет келді. Алапат дерт біздің адамдарымыздың өмірін қиды, олардың арасында елімізге әлемге танымал біршама қайраткерлеріміз де болды. Бұл бәріміздің қабырғамызды қайыстырып отыр. Жақындарынан айырылған барлық отбасының қайғысына ортақпыз, оларға көңіл айтып, сабырға шақырамыз!»,-деді.

 

 

0 пікір