ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАР КЕЛІСІЛДІ
ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАР  КЕЛІСІЛДІ
24.02.2021 10:57
272
0

«Мәшһүр Жүсіп» мешіті  Павлодар облысы бойынша  қылмыстық атқару жүйесінің  департаментімен бірлесіп кездесу  ұйымдастырды. Шараға облыс бас имамы Бертымұратов Ж.Қ, облыс бойынша Діни істер басқармасының  басшысы Закариянов Д.Қ, конфессияаралық қарым -қатынастарды талдау орталығының директоры Рыздықова Г.М және  облыстық қылмыстық атқару жүйесінің басшылары, түзету мекемелеріне жауапты имамдар мен теолгтар қатысты.

Кездесуде  түзету мекемелерінде сотталған жат ағым өкілдерімен  2021 жылы бірлесіп атқаратын жұмыс жоспары талқыланды.

ҚМДБ-ның Павлодар облысы өкілдігі мен облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті арасында меморандумға қол қою,  дін қызметкерлері дұрыстап түсндіру үшін радикалды сотталушырға слайд, видео т.б онлайн  форматта түсіндірме жүргізуге мүмкіндік берілу, түзету мекемесінде діни және ұлттық мереке күндері қызықты шаралар ұйымдастыру, әр мекемеде аптасына бір рет тікелей эфир ұйымастыру арқылы сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік жасалу қатарлы ұсыныстар айтылып, келісілді. Сонымен қатар түзету мекемсінің кітапханасына ҚМДБ сараптамасынан өткен соңғы діни әдебиеттер берілді.

 

 

0 пікір