ТҰСАУЫ КЕСІЛІП, БАТА БЕРІЛДІ
ТҰСАУЫ КЕСІЛІП, БАТА БЕРІЛДІ
17.05.2022 16:04
199
0

Қазақтар балаға, әсіресе бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген халық. Сондықтан дүниеге "шыр" етіп келгеннен дәстүр бойынша баланың болашағы жарқын болсын деген ниетпен әртүрлі  рәсімдер жасалып отырған,соның бірі-Тұсаукесер болып табылады.

Павлодар қалалық "Умар әл-Фаруқ" мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен "Тұсаукесер" рәсімін өткізді. Бұл жердегі алға қойған мақсатымыз қазақтың салт-дәстүрін насихат ету болып табылады. Кішкентай бөбектің тұсауын  ала жіппен кесіп, бала ешкімнің ала жібін аттамасын, ақ пен қараны ажырата білсін, адал азамат болсын деген ниетпен кесіп, батасын беріп, жиналған қауым қуанышқа ортақ болды. Әжесі жиналған қыз-келіншектер мен апаларға кәдесін табыстап, шашу шашты. Кесілген ала жіпті ырымдап немересі бар апамызға ұсынылды. Тұсаукесер рәсіміміз бата берумен жалғасып, қуанышта, балаға бар жақсылықты тілеп тарқасты.

 

0 пікір