ТӨРТ МЕШІТТЕ «ЖОЛАУШЫЛАР ҮЙІ» АШЫЛДЫ
ТӨРТ МЕШІТТЕ «ЖОЛАУШЫЛАР ҮЙІ» АШЫЛДЫ
02.03.2021 16:29
522
0

Алыс жолдан шаршап, шалдығып келе жатқан олаушыларға қол ұшын беру, оларды тынықтырып демалдырау, тамақ-сусын ұсыну, тынығып алуына  мүмкіндік жасау - исламдағы сүннет амал, сонымен қатар дала  дәстүрінің мызғымас ережесі. Сондай-ақ дәстүрін  дінмен ұштастыра білген халқымыздың ежелгі  ұстанымы.

ҚМДБ-нан Ел Тәулсіздігінің  30 жылдық  мерекесіне орай осы жақсы дәстүрімізді  ұрпақ жадына жаңғыртып, исламдағы бауырмалдықты нығайту  мақсатында күре жол бойында орналасқан мешіттерге сапардағы жамағатқа арналған бөлме ашып, жабдықтауға  тапсырма берген еді.

Осы тапсырмаға орай Павлодар облысына қарасты 4 мешітте «Жолаушылар үйі» ашылды. Олар, Аққулы аудандық  «Ғабдул Уақит хазірет» мешіті, Ертіс аудандық  «Ержан» мешіті, Тереңкөл ауданы  Береговой аулының  мешіті және Павлодарский аулының «Қасым қажы» мешіттері. Аталмыш мешіттер  күніне жүздеген жолаушылар әрі -бері ағылып  жататын Семей-Омбы трассасы бойында  және  Ертіс дариясының келесі жағалауы арқылы  Ресейге шығатын  үлкен жолдың бойында  орналасқан.

«Мешіттерде ашылған «»Жолаушылар бөлмесінде» жолаушылардың тынығып алуына барлық жағдай бар. Жолаушылар мешіттегі  арнайы бөлмеге орналасып бір сәт тынығып, дәрет алып, сапар намазын оқып, ыстық шәй қайнатып ішіп немесе жеңіл сусын, жеңіл ас мәзірімен тамақтанып, шаршауын басып, мүмкін аздап мызғып алып, ары қарай сапарын жалғастыра беруіне болады. Тіптен көлігі бұзылып далада қалып жатса түнеп кетуіне де болады. Мәселен, Ертіс ауданы мешітіндегі бөлме 3 адамға арналған екен. Мұндай ізгі шараларымыз көптің көңілінен шығатыны кәміл»,-дейді облыс бас имамы Жолас Қоспақұлы.

 

 

 

 

 

 

0 пікір