Тележүргізуші жартыжылдық жалақысынан қағылды.
Тележүргізуші жартыжылдық жалақысынан қағылды.
05.06.2015 11:16
767
0

АҚШ-тың NBC News арнасының танымал тележүргізушісі Брайн Уильямс өзінің эфир кезінде өтірік айтқанын мойындап, көрерменнен кешірім сұрады. USA Today басылымының хабарлауынша, журналист АҚШ-тың 2003 жылы Иракқа жасаған шабуылы кезінде өзі отырған тікұшақ зеңбірекпен атып түсірілгенін айтып салған. Ол бұған қоса бір кездері болған Катрина дауылынан соң түсірілім барысында іші өтіп ауырғанын судыратыпты. Енді белгілі болғандай, Брайнның бұл ақпараттары нағыз суайттыққа жатқызылып отыр. Бұл кінәсін журналистің өзі де мойнымен көтеріп, көрермендерінің алдында кешірім сұрады. Дегенмен NBC News президенті Дебора Тернесс қызметкерінің мұндай ұятты қылығы үшін 6 ай жалақысынан айыру туралы бұйрыққа қол қойды. Брайн Уильямс NBC News арнасында 1990 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Еңбек жолын әуелі тілшіліктен бастаған ол 2004 жылдан бастап студияға отырыпты.

0 пікір