Тәуелсіздік мерекесіне орай қайырымдылық жасалды
Тәуелсіздік мерекесіне орай қайырымдылық жасалды
12.12.2015 12:06
1174
0

Шынайы мұсылман адам өзінің әрбір іс-амалдарын тек ғана Алланың ризашылығы үшін жасайтыны, ал Алла Тағала жасаған әр қайырлы ісімізге мыңдаған сауаптар еселеп беретіні бәрімізге де аян.  Біздің сүйікті Отанымыз-Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихындағы қастерлі  күндердің  бірі- Тәуелсіздік күніне орай  ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілі, «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің Бас имамы Нариман Ермекұлының ұйымдастыруымен мешітіміздегі «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі қайырымдылық шарасын өткізіп, көптеген әлауқаты төмен отбасыға азық-түліктермен қосажаны жақсылықта сүйетін жомарт жандардың қолдауымен жиналған киім-кешектерді табыстады.Жиырмадан астам отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілсе, тағы соншама отбасы өздеріне, бала-шағаларына қажетті қысқы жылы киімдерге ие болды.

Аталмыш шараны ұйымдастырушылар мешіт ауласының адамдар ең көп жүретін Павлодар қаласының негізгі көшелерінің бірі болған-Кутузов даңғылына қараған  бетіне арнайы банннер орналастырды. Баннерде: «Екі көз ақыретте тозақ отына күймейді, оның бірі Отанды қорғап, шекара күзеткен көз»,-деген Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлем болсын) хадисі жазылған. Мұндай баннерлер қалалық «Ақмешіт», «Ғазиз», «Бижан», «Әбу Бәкір Сыддық» мешіттерінің аулаларына да ілінді.

Көмек алған отбасы мүшелері осы шараны ұйымдастырған «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің қызметкерлері мен демеуші азаматтарға шексіз алғыстарын білдірді.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

0 пікір