ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
19.12.2021 12:41
198
0

Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.а.с) бір хадисінде: "Кім Алла үшін бір жетімнің басын сипаса, қолы тиіп кеткен әрбір тал шашы үшін сауап алады" деген екен.

Осындай қадаммен Қалалық  "Ақмешіт" мешітінің  "Әйел-қыздар секторы"ның ұйымдастыруымен желтоқсан айының 15-ші жұлдызында "Сәбилер үйінде" қайырымдылық шарасы өткізілді. Әйел жамағатының белсенділігімен бөбектерді қажетті азық-түлік пен дәруменге толы жеміс-жидектермен қамтамасыз етті.

Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жетім мен ата-ананың қамқорынсыз қалған бүлдіршіндерге қамқорлық танытып, жүрек жылуын ұсыну - біздің азаматтық парызымыз.

Сондықтан, сауабы мол аталмыш шараны үзбей жалғастыру -  жанашырлық мақсатымыз болып табылады.

Барша атсалысқан жандарға Алла тағала сауаптан жазсын.

0 пікір