ТӘНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ
ТӘНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ
10.02.2020 17:10
494
0

Адамның денсаулығы нашар болса, құлшылықты да ықыласпен атқару қиынға соғады. Павлодар қалалық мешіттерінің әйел  шәкірттері осы жексембіде арнайы сырғанаққа барып, Пайғамбар(с.ғ.с)-ымыздың   хадистеріне  амал етіп, денсаулықтарына алтын уақыттарын бөліп, бір-бірімен танысып, таза ауада жүріп, көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.

Алла Елшісі(с.ғ.с) былай айтқан: «Көптеген адамдар қадірін білмейтін екі нығмет бар.Олар: денсауық пен бос уақыт» (Бұхари).

«Үмбетім жайында ең қорыққан нәрселерім: үлкен қарын мен көп ұйқы.Жалқаулық пен «яқин» әлсіздігі». (Хадис)

Денсаулық Алланың аманаты болғандықтан, оны күтіп, сақтауымыз парыз болмақ.

Мәшһүр Жүсіп бабамыздың айтуы бойынша денсаулық екі демалысқа  байланысты.Ол екі демалысқа алты нәрсе керек екен:

Біріншісі-"Адам өзін таза ауада сақтауы керек".

Екіншісі: "Ауру астан, дау қарындастан демекші"жақсы тамақ керек.

Үшінші-жүру, тұру, белсенді қимыл керек.

Төртінші-ұйқы мен ояулықты қалыбынан асырмау керек.

Бесінші-шаттық.Адам өз көңіл күйін өзі көтеріп жүру керек.

Алтыншы-ашу, қорқу,өкініш секілді деген нәрселерден өзін аулақ ұстауы керек.

Мейірімі шекісіз Ұлы Алла Тағалам бізді әлсіз емес, күшті мұсылмандардың қатарынан етіп,уақытымызды ізгі амалға толтырып берекелі етуін тілейміз.

 

0 пікір