«СЫРҒАЛЫҒА НАСИХАТ» РУХАНИ МАРАФОНЫ
«СЫРҒАЛЫҒА НАСИХАТ» РУХАНИ МАРАФОНЫ
07.09.2020 08:07
176
0

"Кімде кім игі істі бастап өзгеге үлгі болса,өзінен кейін сол істі істегеннің сауабындай сауап алады" (Муслим)

Ислам діні - адамзат өмірінің мәні.Адамды сенімге,бақыт пен кемел дүние танымға жетелейтін жол. Осы қағиданы ұстана отырып Павлодар облысы бойынша "Әйел-қыздар секторы" ұйымдастырумен "Сырғалыға насихат" марафоны өткізілді.

Марафон барысында:

Қаллалық «Омар Әл-Фаруқ»» мешітінің ұстазы Мұқанбетжанқызы Баян "Иман негіздері",

"Майқайың" мешітінің ұстазы Мұхит Айгүл "Қазақтың тыйым сөздерінің тәрбиелік мәні"

"Ақмешіт" мешітінің ұстазы Айша Белесқызы "Сабыр түбі сары алтын"

"Мәшһүр Жүсіп" ұстазы Тұрғынбай Ақерке "Намаз діннің тірегі"  тақырыптары бойынша онлайн түрде уағыз насихат жүргізілді. Сонымен қатар Арыкова Асель Нурланқызы "Көркем өнер" пәнінен ұстаз "Қызықты қолөнер" атты мастер-класс және мешіт шәкірті Ақжігіт Нұргүл "Ас мәзірін ұсыну" тақырында көптеген ақпараттармен бөлісті.

Бір апта бойы  өткен марафонымыз өз жемісін беріп, қатысқан барша к әйел қыздар қауымы тарапынан қолдау көрсетіліп, алдағы уақытта жалғасын табуына ұсыныстар білдіруде.

Алла Тағала естігендерімізге амал етуімізді нәсіп еткей.

 

 

Айша БЕЛЕСҚЫЗЫ

 

0 пікір